«Jańa Dala / Green Day ‘2026» халықаралық көрмесінде алғаш рет Қазақстанның ең үздік қолдан ұрықтандыру технигі анықталады!

2026 жылғы 17 шілдеде еліміздегі ең ірі халықаралық аграрлық «Jańa Dala / Green Day ‘2026» көрмесі аясында Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені үшін маңызды оқиға – «Үздік қолдан ұрықтандыру технигі – 2026» республикалық кәсіби шеберлік байқауы алғаш рет өткізіледі.

Байқауды «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ (көрменің Бас серіктесі) және «Асыл түлік» мал шаруашылығындағы асыл тұқымды іс жөніндегі республикалық орталығы» АҚ ұйымдастырады.

Елдің генетикалық болашағын қалыптастыратын мамандық!

Қазіргі заманғы мал шаруашылығын сапалы селекциялық-асыл тұқымдық жұмыстарсыз және мал басын молайтудың озық технологияларын қолданусыз елестету мүмкін емес.

Осы жұмыстардың өзегінде қолдан ұрықтандыру техниктері тұр. Дәл осы мамандардың кәсіби біліктілігі ауыл шаруашылығы жануарларының үздік генетикалық қорын сақтауға, олардың өнімділігін арттыруға және саланың тұрақты дамуына тікелей ықпал етеді.

Байқаудың мақсаты:

  • қолдан ұрықтандыру технигі мамандығының беделін арттыру;
  • мамандардың кәсіби шеберлігін жетілдіру;
  • қолдан ұрықтандырудың заманауи технологияларын кеңінен насихаттау;
  • отандық мал шаруашылығының кадрлық әлеуетін нығайту.

Нағыз кәсіби мамандарға арналған сын

Байқауға «Jańa Dala / Green Day ‘2026» көрмесіне қатысатын агроөнеркәсіптік кешен саласының мамандары, еліміздің әр өңірінен келген ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, фермерлік және шаруа қожалықтарының үздік қолдан ұрықтандыру техниктері қатысады.

Қатысушылар екі кезең бойынша сынға түседі.

Теориялық кезең

Қатысушылар жануарлардың көбею физиологиясы, ірі қара малды қолдан ұрықтандыру технологиясы және селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс саласындағы білімдерін көрсетеді.

Практикалық кезең

Арнайы оқу тренажерында ветеринариялық-санитариялық және технологиялық талаптарды сақтай отырып қолдан ұрықтандыру рәсімін орындайды.

Қатысушылардың жұмысын саланың жетекші сарапшылары, бизнес қауымдастығы мен кәсіби ұйымдардың өкілдерінен құралған кәсіби қазылар алқасы бағалайды.

Жүлде қоры

«EXPO TIME» ЖШС-нің бастамасымен байқаудың жалпы жүлде қоры 450 000 теңгені құрайды.

Орын

Марапат

Ақшалай сыйлық

I орын

I дәрежелі диплом, «Үздік қолдан ұрықтандыру технигі – 2026» атағы

200 000 теңге

II орын

II дәрежелі диплом

150 000 теңге

III орын

III дәрежелі диплом

100 000 теңге

«Үздік қолдан ұрықтандыру технигі – 2026» байқауы «Jańa Dala / Green Day ‘2026» көрмесі аясында алғаш рет өткізіліп отыр. Алдағы уақытта ол тәжірибе алмасуға, үздік тәжірибелерді таратуға және ауыл шаруашылығы жануарларын көбейту саласындағы мамандардың біліктілігін арттыруға арналған дәстүрлі кәсіби алаңға айналмақ.

Мұндай тәжірибе әлемнің көптеген елдерінде табысты өткізіліп келеді және саланы дамытудың маңызды құралдарының бірі болып саналады.

Қазақстан кәсіби қауымдастықты нығайту, заманауи селекциялық технологияларды дамыту және отандық асыл тұқымды мал шаруашылығының сапасын арттыру жолында тағы бір маңызды қадам жасап отыр.

Назарда – қолдан ұрықтандыру технологы!

Бүгінде Қазақстан асыл тұқымды мал шаруашылығын жүйелі түрде дамытып, заманауи селекциялық технологияларды енгізіп, ауыл шаруашылығы жануарларының генетикалық әлеуетін күшейтіп келеді.

Осы жетістіктердің негізінде күн сайын отандық мал басының сапасын жақсарту жолында еңбек етіп жүрген мамандардың қажырлы еңбегі жатыр.

Сондықтан бұл байқау тек кәсіби жарыс қана емес, сондай-ақ еліміздің стратегиялық маңызды салаларының бірі – мал шаруашылығының дамуына зор үлес қосып жүрген мамандардың еңбегіне көрсетілетін құрмет пен мойындау болмақ.

Қатысушылар мен БАҚ үшін ақпарат

«Асыл түлік» АҚ, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ және «EXPO TIME» ЖШС ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді, сала мамандарын, ғылыми қауымдастық өкілдерін, серіктестерді және бұқаралық ақпарат құралдарын осы маңызды іс-шараға қатысуға шақырады.

Өтетін күні:

2026 жылғы 17 шілде

Басталуы: сағ. 12.00

Өтетін орны:

«Jańa Dala / Green Day ‘2026» мамандандырылған көрмесі

Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Нұресіл ауылы,

«Ақтық» агрофирмасы» АҚ

«Үздік қолдан ұрықтандыру технигі – 2026» байқауы саланың үздік мамандарын біріктіретін және Қазақстандағы мал шаруашылығының одан әрі дамуына жаңа мүмкіндіктер ашатын дәстүрлі кәсіби алаңға айналады.

 

БАҚ аккредиттеу мәселелері бойынша:

«Jańa Dala / Green Day» ақпараттық орталығы

Ринат Тасбулатов

Тел.: +7 701 460 91 82

E-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

 

"Ақтық "Агрофирмасы" АҚ алқабында өтетін Jańa Dala / Green Day '2026 «Қазақстандық Дала күні» мамандандырылған көрме-демонстрациясының демеушілері / Спонсоры специализированной выставки-демонстрации «Казахстанский День поля «Jańa Dala / Green Day ‘2026» на демонстрационных полях АО «Агрофирма «Ақтық»:


БАС ДЕМЕУШІ / ГЕНЕРАЛЬНЫЙ СПОНСОР:

«АгромашХолдинг KZ»

ТЕХНОЛОГИЯ ДЕМЕУШІСІ / ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЙ СПОНСОР:

ТОО «Амазоне»

ТІРКЕУ ДЕМЕУШІСІ / СПОНСОР РЕГИСТРАЦИИ:

«РОСТСЕЛЬМАШ» «Казрост»

ІРІ ҚАРА МАЛ ТҰҚЫМДАРЫ АРАСЫНДАҒЫ «JAŃA DALA / GREEN DAY '2026» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ БАС ДЕМЕУШІСІ / ГЕНЕРАЛЬНЫЙ СПОНСОР НАЦИОНАЛЬНОГО КОНКУРСА «JAŃA DALA / GREEN DAY ‘2026» СРЕДИ МЯСНЫХ ПОРОД КРС:

ТОО "Агротехменеджмент"

SAVORY - ЖЕҢІМПАЗДАР РАЦИОНЫНЫҢ ДЕМЕУШІСІ / SAVORY - СПОНСОР РАЦИОНА ПОБЕДИТЕЛЕЙ

SAVORY

КӨШПЕЛІ ІС-ШАРАЛАРДЫ ЖАБДЫҚТАУ ДЕМЕУШІСІ / СПОНСОР ЗАСТРОЙКИ ВЫЕЗДНЫХ МЕРОПРИЯТИЙ:

B2B GROUP

«Jańa Dala / Green Day ‘2026» Бас серіктесі — «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ / Генеральный партнер «Jańa Dala / Green Day ‘2026» НАО «Национальный аграрный научно-образовательный центр»


"Қазақ тұлпары" ЖШС демонстрациялық алаңдарында өтетін "Қазақстан Дала күні "Jańa dala / Green Day '2026" мамандандырылған көрме-демонстрациясының демеушілері / Спонсоры Специализированной выставки-демонстрации «Казахстанский День поля «Jańa Dala / Green Day ‘2026», на демонстрационных полях ТОО «Қазақ тұлпары»:


БАС ДЕМЕУШІ /ГЕНЕРАЛЬНЫЙ СПОНСОР АСТАНА АГРОПАРТНЕР И MASCHIO GASPARDO:


ТІРКЕУ ДЕМЕУШІСІ / СПОНСОР РЕГИСТРАЦИИ:

«РОСТСЕЛЬМАШ»

ДЕМЕУШІСІ / СПОНСОР :


ЭЛЕКТР ҚОРШАУЛАРЫНЫҢ РЕСМИ ЖЕТКІЗУШІСІ / ОФИЦИАЛЬНЫЙ ПОСТАВЩИК ЭЛЕКТРОИЗГОРОДЕЙ


КӨШПЕЛІ ІС-ШАРАЛАРДЫ ЖАБДЫҚТАУ ДЕМЕУШІСІ / СПОНСОР ЗАСТРОЙКИ ВЫЕЗДНЫХ МЕРОПРИЯТИЙ:

B2B GROUP

РЕСМИ ҚОЛДАУ / ОФИЦИАЛЬНАЯ ПОДДЕРЖКА:

КӨРСЕТІЛІМ СЕРІКТЕСТЕРІ / ПАРТНЕРЫ ДЕМОНСТРАЦИИ:

© 2026 ExpoTime. All Rights Reserved.