БАҚ үшін хабарлама

                                                                                                                        30.06.2026 г.

 

Ақмола облысы, Қазақстан — 16-17 шілде аралығында Ақмола облысы нағыз драйв, қуат пен азарттың орталығына айналады! «Jańa Dala / Green Day ‘2026» Халықаралық мамандандырылған көрме-демонстрациясының алаңында ауқымды шоу — «Қазақстанның үздік бұқасы» ұлттық байқауы өтеді. Жақында елордалық Hilton Garden Inn Astana қонақүйінде ұйымдастырушылар мен ет бағытындағы ірі қара мал шаруашылығының барлық алты палатасының жетекшілері қорытынды жиын өткізді.

Шешім бір ауыздан қабылданды: қонақтарды Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы қатысушылар саны бойынша ең ауқымды, тартысты әрі рекордтық оқиға күтуде!

Жиын барысында қатысушылар келесі мәселелерді егжей-тегжейлі талқылап, мақұлдады:

  • «Қазақстанның үздік бұқасы» ұлттық байқауын өткізу тәртібі;
  • асыл тұқымды малды бағалау критерийлері;
  • төрешілер алқасының құрамы мен жұмыс принциптері;
  • асыл тұқымды малдың ашық аукционын ұйымдастыру;
  • шаруашылықтар мен палаталардың байқау бағдарламасына қатысу регламенті;
  • фермерлер тарапынан өтінімдердің көбеюіне байланысты мал қораларын (шарбақтарды) арттыру.

Биыл «Jańa Dala / Green Day ‘2026» көрмесінде бұқалар саны рекордтық көрсеткішке жетеді!

Малдың асыл тұқымдық құндылығын, экстерьерін және өнімділік сапасын объективті бағалауды қамтамасыз ететін тәуелсіз төрешілер комиссиясын құруға ерекше назар аударылды.

Байқаудың қорытынды шарасы ашық аукцион болмақ. Онда ет бағытындағы тұқымдардың үздік өкілдері әлеуетті сатып алушыларға, асыл тұқымды шаруашылықтар мен инвесторларға таныстырылады. Аукцион отандық селекцияны дамыту, генетикалық материал алмасу және өндірушілер арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін тиімді алаңға айналады.

«Қазақстанның үздік бұқасы» ұлттық байқауы жыл сайын еліміздің жетекші асыл тұқымды шаруашылықтарының басын қосып, қазақстандық селекцияның жетістіктерін паш етеді. Бұл шараның «Jańa Dala / Green Day ‘2026» аясында өткізілуі агроөнеркәсіптік кешеннің мыңдаған мамандарына ет бағытындағы мал шаруашылығының үздік өкілдерін көруге, заманауи технологиялармен танысуға және ауқымды іскерлік бағдарламаға қатысуға мүмкіндік береді.

Байқаудың ресми бас демеушісі болып қайтадан супержүлде дайындаған «АгротехМенеджмент» компаниясы бекітілді. Ірі қара малдың ет бағытындағы тұқымдары арасындағы абсолютті чемпионның иесі үйіне су жаңа YTO тракторының тізгінінде қайтады!

Жүлделі орындар үшін де тартысты бәсеке жүретіні анық — SAVORY компаниясы жеңімпаздарды құнды сыйлықтармен және брендтік мерчтермен марапаттайды. Жүлдегерлерді ірі қара малға арналған жоғары сапалы жем-шөп сатып алуға арналған миллиондық қомақты гранттар күтеді:

  • 1-орын — 1 000 000 теңгенің сертификаты + блогер мен фермерге арналған премиум-жинақ (пауэрбанк, термокружка, кепка).
    • 2-орын — 500 000 теңгенің сертификаты + пайдалы аксессуарлардың стильді брендтік жиынтығы.
    • 3-орын — 300 000 теңгенің сертификаты + демеушіден фирмалық кәдесыйлар.

Бұл зор мерекенің шарықтау шегі асыл тұқымды малдың ашық аукционы болмақ. Бұл — үздік аталық бұқаларға ие болу құқығы үшін әмиян мен амбициялардың нағыз шайқасы өтетін, эмоциялар тоғысқан ғаламат көрініс. Кәсіби аукционшы, жоғары көтерілген тақтайшалар, миллиондық бәс тігулер және балға соққысына дейінгі санаулы секундтар — бұл адреналинді тікелей сезіну керек! Шынайы мықтылардың жеңісін көру, бірегей суреттерге түсу және су жаңа трактордың кімге бұйыратынын өз көзіңізбен тамашалау үшін шілде айында бүкіл отбасыңызбен «Jańa Dala ‘2026» көрмесіне келіңіз!

Ұйымдастырушылар бұл байқау мен аукцион Қазақстанның барлық өңірлері мен шет елдерден сала өкілдерінің басын қосып, көрмедегі орталық оқиғалардың біріне айналатынына сенімді.

 

Көрмеге қатысуға өтінімдер:

+7 701 588 5497, e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

+7 701 516 4102, e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

+7 777 174 8622, e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

+7 701 235 2999, e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

Сайт: https://expotime.kz

Instagram: https://www.instagram.com/jana_dala_greenday/

 

БАҚ аккредитациясы үшін:

«Jańa Dala / Green Day» ақпараттық орталығы

Ринат Тасбулатов

Тел.: +7 701 460 91 82

e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

"Ақтық "Агрофирмасы" АҚ алқабында өтетін Jańa Dala / Green Day '2026 «Қазақстандық Дала күні» мамандандырылған көрме-демонстрациясының демеушілері / Спонсоры специализированной выставки-демонстрации «Казахстанский День поля «Jańa Dala / Green Day ‘2026» на демонстрационных полях АО «Агрофирма «Ақтық»:


БАС ДЕМЕУШІ / ГЕНЕРАЛЬНЫЙ СПОНСОР:

«АгромашХолдинг KZ»

ТЕХНОЛОГИЯ ДЕМЕУШІСІ / ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЙ СПОНСОР:

ТОО «Амазоне»

ТІРКЕУ ДЕМЕУШІСІ / СПОНСОР РЕГИСТРАЦИИ:

«РОСТСЕЛЬМАШ» «Казрост»

ІРІ ҚАРА МАЛ ТҰҚЫМДАРЫ АРАСЫНДАҒЫ «JAŃA DALA / GREEN DAY '2026» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ БАС ДЕМЕУШІСІ / ГЕНЕРАЛЬНЫЙ СПОНСОР НАЦИОНАЛЬНОГО КОНКУРСА «JAŃA DALA / GREEN DAY ‘2026» СРЕДИ МЯСНЫХ ПОРОД КРС:

ТОО "Агротехменеджмент"

SAVORY - ЖЕҢІМПАЗДАР РАЦИОНЫНЫҢ ДЕМЕУШІСІ / SAVORY - СПОНСОР РАЦИОНА ПОБЕДИТЕЛЕЙ

SAVORY

КӨШПЕЛІ ІС-ШАРАЛАРДЫ ЖАБДЫҚТАУ ДЕМЕУШІСІ / СПОНСОР ЗАСТРОЙКИ ВЫЕЗДНЫХ МЕРОПРИЯТИЙ:

B2B GROUP

«Jańa Dala / Green Day ‘2026» Бас серіктесі — «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ / Генеральный партнер «Jańa Dala / Green Day ‘2026» НАО «Национальный аграрный научно-образовательный центр»


"Қазақ тұлпары" ЖШС демонстрациялық алаңдарында өтетін "Қазақстан Дала күні "Jańa dala / Green Day '2026" мамандандырылған көрме-демонстрациясының демеушілері / Спонсоры Специализированной выставки-демонстрации «Казахстанский День поля «Jańa Dala / Green Day ‘2026», на демонстрационных полях ТОО «Қазақ тұлпары»:


БАС ДЕМЕУШІ /ГЕНЕРАЛЬНЫЙ СПОНСОР АСТАНА АГРОПАРТНЕР И MASCHIO GASPARDO:


ТІРКЕУ ДЕМЕУШІСІ / СПОНСОР РЕГИСТРАЦИИ:

«РОСТСЕЛЬМАШ»

ДЕМЕУШІСІ / СПОНСОР :


ЭЛЕКТР ҚОРШАУЛАРЫНЫҢ РЕСМИ ЖЕТКІЗУШІСІ / ОФИЦИАЛЬНЫЙ ПОСТАВЩИК ЭЛЕКТРОИЗГОРОДЕЙ


КӨШПЕЛІ ІС-ШАРАЛАРДЫ ЖАБДЫҚТАУ ДЕМЕУШІСІ / СПОНСОР ЗАСТРОЙКИ ВЫЕЗДНЫХ МЕРОПРИЯТИЙ:

B2B GROUP

РЕСМИ ҚОЛДАУ / ОФИЦИАЛЬНАЯ ПОДДЕРЖКА:

КӨРСЕТІЛІМ СЕРІКТЕСТЕРІ / ПАРТНЕРЫ ДЕМОНСТРАЦИИ:

© 2026 ExpoTime. All Rights Reserved.