БАҚ үшін хабарлама

 

18.06.2026 ж.

 

Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы

«Jańa Dala / Green Day 2026» көрмесінде

революциялық форматтар мен халықаралық трендтерді ұсынады

 

Қазақстандық ғалымдар мен француз сарапшылары 16–17 шілдеде фермерлерге арналған озық инновациялық шешімдерді ұсынады.

«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» (КеАҚ) «Қазақстандық Дала күні  «Jańa Dala / Green Day ‘2026» мамандандырылған көрме-демонстрациясының Бас серіктесі ретінде қатысады. Елдің басты ғылыми хабы аграрлық іс-шаралардың дәстүрлі форматын түбегейлі өзгертетін ауқымды бағдарламаны әзірлеуде.

Қазақстан тарихындағы алғашқы кәсіби шеберлік байқаулары

Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы алғаш рет республикалық деңгейде келесі кәсіби байқауларды ұйымдастырады:

  • «Үздік агроном» - егіс алқаптарының бас технологтары арасындағы бедел мен жүлделер үшін өтетін сайыс.
  • «Үздік техник-ұрықтандырушы» - мал шаруашылығы саласының үздіктерін анықтайтын кәсіби шеберлік байқауы.

Ғылым тәжірибеде: 83 демонстрациялық тәжірибе алаңы

Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының еншілес ұйымдары өздерінің селекциялық және технологиялық бағыттағы озық жетістіктерін нақты дала жағдайында таныстырады. Көрме қонақтары өңірдің климаттық ерекшеліктеріне толық бейімделген ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттары егілген 83 тәжірибелік демонстрациялық алаңды тамашалай алады.

Қазақстан–Франция серпіні: экологиялық агротехнологиялардағы жаңа кезең

Іскерлік бағдарламаның басты оқиғасы Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы мен Еуропадағы ең ірі аграрлық форумдардың бірі - Sommet de l’Élevage (Францияның Мал шаруашылығы саммиті) бірлесіп ұйымдастыратын халықаралық конференция болмақ. Конференция алаңында тұрақты ауыл шаруашылығы, экологиялық агротехнологиялар және саланың инновациялық шешімдері талқыланады.

 

Конференцияның басты тақырыбы:

«Ауыл шаруашылығын дамыту жолындағы халықаралық ынтымақтастық: тұрақты ауыл шаруашылығы бойынша FASEP жобасын іске асыру аясындағы Франция мен Қазақстан серіктестігінің үлгісі».

Спикерлер FASEP стратегиялық жобасының алғашқы нәтижелерін қорытындылайды. Негізгі назар білім мен тәжірибені нақты өндіріске енгізуге аударылады. Бүгінде Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының аграршылары осы серіктестік аясында алған озық француз тәжірибесін өз шаруашылықтарында сәтті қолдануда.

Кездесетін орын мен уақыт

Сіздерді 16–17 шілде күндері өтетін «Jańa Dala / Green Day ‘2026» көрмесінде күтеміз! Бұл ауыл шаруашылығы саласындағы ең өзекті жаңалықтармен танысып, пайдалы байланыстар орнатуға және бизнесіңізді дамытуға арналған тамаша мүмкіндік. Көрмеде сізді қызықты, тәжірибеге бағытталған әрі тиімді бағдарлама күтеді.

 

Көрмеге қатысуға өтінімдер:

+7 701 588 5497, e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

+7 701 516 4102, e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

+7 777 174 8622, e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

+7 701 235 2999, e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

Сайт: https://expotime.kz

Instagram: https://www.instagram.com/jana_dala_greenday/

 

БАҚ аккредитациясы үшін:

«Jańa Dala / Green Day» ақпараттық орталығы

Ринат Тасбулатов

Тел.: +7 701 460 91 82

e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

"Ақтық "Агрофирмасы" АҚ алқабында өтетін Jańa Dala / Green Day '2026 «Қазақстандық Дала күні» мамандандырылған көрме-демонстрациясының демеушілері / Спонсоры специализированной выставки-демонстрации «Казахстанский День поля «Jańa Dala / Green Day ‘2026» на демонстрационных полях АО «Агрофирма «Ақтық»:


БАС ДЕМЕУШІ / ГЕНЕРАЛЬНЫЙ СПОНСОР:

«АгромашХолдинг KZ»

ТЕХНОЛОГИЯ ДЕМЕУШІСІ / ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЙ СПОНСОР:

ТОО «Амазоне»

ТІРКЕУ ДЕМЕУШІСІ / СПОНСОР РЕГИСТРАЦИИ:

«РОСТСЕЛЬМАШ» «Казрост»

ІРІ ҚАРА МАЛ ТҰҚЫМДАРЫ АРАСЫНДАҒЫ «JAŃA DALA / GREEN DAY '2026» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ БАС ДЕМЕУШІСІ / ГЕНЕРАЛЬНЫЙ СПОНСОР НАЦИОНАЛЬНОГО КОНКУРСА «JAŃA DALA / GREEN DAY ‘2026» СРЕДИ МЯСНЫХ ПОРОД КРС:

ТОО "Агротехменеджмент"

SAVORY - ЖЕҢІМПАЗДАР РАЦИОНЫНЫҢ ДЕМЕУШІСІ / SAVORY - СПОНСОР РАЦИОНА ПОБЕДИТЕЛЕЙ

SAVORY

КӨШПЕЛІ ІС-ШАРАЛАРДЫ ЖАБДЫҚТАУ ДЕМЕУШІСІ / СПОНСОР ЗАСТРОЙКИ ВЫЕЗДНЫХ МЕРОПРИЯТИЙ:

B2B GROUP

«Jańa Dala / Green Day ‘2026» Бас серіктесі — «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ / Генеральный партнер «Jańa Dala / Green Day ‘2026» НАО «Национальный аграрный научно-образовательный центр»


"Қазақ тұлпары" ЖШС демонстрациялық алаңдарында өтетін "Қазақстан Дала күні "Jańa dala / Green Day '2026" мамандандырылған көрме-демонстрациясының демеушілері / Спонсоры Специализированной выставки-демонстрации «Казахстанский День поля «Jańa Dala / Green Day ‘2026», на демонстрационных полях ТОО «Қазақ тұлпары»:


БАС ДЕМЕУШІ /ГЕНЕРАЛЬНЫЙ СПОНСОР АСТАНА АГРОПАРТНЕР И MASCHIO GASPARDO:


ТІРКЕУ ДЕМЕУШІСІ / СПОНСОР РЕГИСТРАЦИИ:

«РОСТСЕЛЬМАШ»

ДЕМЕУШІСІ / СПОНСОР :


ЭЛЕКТР ҚОРШАУЛАРЫНЫҢ РЕСМИ ЖЕТКІЗУШІСІ / ОФИЦИАЛЬНЫЙ ПОСТАВЩИК ЭЛЕКТРОИЗГОРОДЕЙ


КӨШПЕЛІ ІС-ШАРАЛАРДЫ ЖАБДЫҚТАУ ДЕМЕУШІСІ / СПОНСОР ЗАСТРОЙКИ ВЫЕЗДНЫХ МЕРОПРИЯТИЙ:

B2B GROUP

РЕСМИ ҚОЛДАУ / ОФИЦИАЛЬНАЯ ПОДДЕРЖКА:

КӨРСЕТІЛІМ СЕРІКТЕСТЕРІ / ПАРТНЕРЫ ДЕМОНСТРАЦИИ:

© 2026 ExpoTime. All Rights Reserved.