16.07.2026 ж.

БАҚ үшін хабар

Астанада «Jańa Dala / Green Day ‘2026» қазақстандық дала күні

басталды.

 Қазақстанда  Jańa Dala / Green Day ‘2026» халықаралық мамандандырылған көрме-көрсетілімі басталды. Бұл еліміздің агроөнеркәсіптік кешеніндегі ең ірі оқиғалардың бірі. 16 – 17 шілдеде, екі күн бойы ауыл шаруашылығы техникаларының, жабдықтарының, тұқымдарының, өсімдіктерді қорғау құралдарының, агрохимияның, цифрлық шешімдер мен асыл тұқымды мал шаруашылығының әлемдік және қазақстандық жетекші өндірушілері мен өнім берушілері бүгінгі таңда республиканың ауыл шаруашылығының болашағын айқындайтын жаңа әзірлемелер ұсынатын болады.

«Jańa Dala / Green Day» мерейтойлық 10-шы көрмесі Астанаға таяу орналасқан «Ақтық» агрофирмасы» акционерлік қоғамының көрсетілім алаңдарында (Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Нұресіл ауылында, Талапкер кентінен әрі орналасқан, астанадан 20 шақырым жерде) өтеді.

Көрменің жұмысына Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, сондай-ақ ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі басшылығының өкілдері, шетел мемлекеттерінің елшілері қатысты.

Қазақстандағы агроөнеркәсіптік технологиялардың ең ауқымды көрсетілімі басталмай жатып-ақ бірқатар рекорт орнатты.

  • Алаңы жағынан бұл республикадағы ең үлкен көрме. Тікелей экспозиция аумағынан басқа, ол демокөрсетімдерге, топырақ өңдеуге, жол талғамайтын көліктердің сынақ-драйверлеріне және техника шоуына арналған кең кеңістікті қамтиды;
  • Іс-шараға әлемнің 26 елінен өкілдер қатысады, сондай-ақ Франция, Нидерланды және Беларусь сияқты мемлекеттер өздерінің елдік павильондарын орнатты;
  • 200-ден астам компания өз өнімдері мен технологияларын ұсынады, ауыл шаруашылығы және басқа техникалар мен жабдықтардың 500-ден астам түрі қойылған;
  • Көрмеге Қазақстан бойынша рекордтық 89 бас асыл тұқымды бұқаларды конкурсқа қойған ІҚМ-дың етті тұқымдарының барлық республикалық палаталары қатысады, сондай-ақ ҰҚМ павильоны ұсынылған;
  • «Jańa Dala / Green Day ‘2026» дала күні ауқымды мәдени-көріністік бағдарламасымен ерекшеленеді. Ең көрнекті іс-шаралардың қатарында: ІҚМ және ҰҚМ аукциондары мен көрсетімдері, органикалық ара шаруашылығының тұсаукесерлері, тиегіштер шоуы, трактор биатлоны, стейктер фестивалі, Аграрлық несие корпорациясының бауырсақтар конкурсы және басқалар.

«Jańa Dala / Green Day ‘2026» қазақстандық дала күні» мамандандырылған көрме-көрсетілімінің басты ерекшелігі - «жұмыс барысындағы техника» форматы. Келушілер заманауи тракторлардың, егіс кешендерінің, бүріккіштердің, топырақ өңдеу техникалары мен ауыл шаруашылығы дрондарының жұмысын тікелей дала жағдайында көріп, олардың өнімділігі мен тиімділігін бағалайтын болады. Бағдарламада асыл тұқымды мал шаруашылығының экспозициясы, ең жақсы ірі қара мал тұқымдарының көрсетілімі маңызды орын алады. Іскерлік бағдарлама аграрлық форумдарды, тақырыптық конференцияларды, инновациялық технологиялардың тұсаукесерлерін, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, органикалық егіншілік, тұрақты даму және халықаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылауды қамтиды.

Көрменің күтілген оқиғаларының бірі – етті ІҚМ тұқымдарының арасындағы ұлттық конкурс. Республикалық тұқымдар палаталары «Jańa Dala / Green Day ‘2026» «Ең жақсы бұқа» номинациясында Абсолюттік чемпионды айқындайтын болады. Жеңімпазға берілетін жүлде – конкурстың бас демеушісі "АГРОТЕХМЕНЕДЖМЕНТ" компаниясы атынан жаңа трактор. Етті тұқымдардың ең жақсы өкілдері әлеуетті сатып алушыларға, асыл тұқымдық шаруашылықтар мен инвесторларға ұсынылатын ашық аукцион конкурстың соңғы кезеңіне айналмақ.

Сондай-ақ көрме алаңы «Ең танымал мал өсіруші» бірегей медиа жобасының қорытындысын шығаратын орынға айналмақ. Дала күніне дайындық барысында жоба командасы шұғыл жорық жасады, Ақмола облысының негізгі 14 ауданына барып, мал шаруашылығы өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.

Көрме аясында «Үздік техник-ұрықтандырушы – 2026» бірінші республикалық кәсіби шеберлік конкурсының жеңімпаздары да анықталатын болады. Кәсіби сайысқа мал шаруашылығы саласының мамандары – ҚР түрлі аймақтарынан ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, фермер және шаруа қожалықтарының үздік техник-ұрықтандырушылары қатысады. Конкурсқа қатысушыларды құрамына саланың жетекші сарапшылары, бизнес және кәсіби қоғамдастық өкілдері кірген кәсіби қазылар бағалайтын болады. Конкурсты «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ (Көрменің бас серіктесі), «Асыл түлік» республикалық мал шаруашылығын асылдандыру орталығы» АҚ және «EXPO TIME» ЖШС ұйымдастырған.

 «Jańa Dala / Green Day ‘2026» қазақстандық дала күнінің екінші, қорытынды күнінде мамандар сайыстарының қорытындылары шығарылып, жеңімпаздар марапатталады.

Көрме ұйымдастырушысы, қазақстандық “EXPO TIME” компаниясының директоры Әділхан Сағымбаетың айтуынша, Jańa Dala / Green Day ‘2026» қазақстандық дала күні жай ғана техникалар көрмесі ғана емес, сондай-ақ мемлекеттер, бизнес, ғылым және ауыл шаруашылығы өндірушілері кездесетін ең ірі халықаралық салалық алаң болып табылады. Мұнда жаңа әріптестіктер қалыптасады, озық технологиялар көрсетіледі, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері талқыланады және Қазақстанның ауыл шаруашылығын одан әрі дамытуға ықпал ететін келісімдер жасалады.

_________________________________________________

«Jańa Dala / Green Day» ақпараттық орталығы:

Ринат Тасбулатов, +7 701 460 91 82,

e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

"Ақтық "Агрофирмасы" АҚ алқабында өтетін Jańa Dala / Green Day '2026 «Қазақстандық Дала күні» мамандандырылған көрме-демонстрациясының демеушілері / Спонсоры специализированной выставки-демонстрации «Казахстанский День поля «Jańa Dala / Green Day ‘2026» на демонстрационных полях АО «Агрофирма «Ақтық»:


БАС ДЕМЕУШІ / ГЕНЕРАЛЬНЫЙ СПОНСОР:

«АгромашХолдинг KZ»

ТЕХНОЛОГИЯ ДЕМЕУШІСІ / ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЙ СПОНСОР:

ТОО «Амазоне»

ТІРКЕУ ДЕМЕУШІСІ / СПОНСОР РЕГИСТРАЦИИ:

«РОСТСЕЛЬМАШ» «Казрост»

ІРІ ҚАРА МАЛ ТҰҚЫМДАРЫ АРАСЫНДАҒЫ «JAŃA DALA / GREEN DAY '2026» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ БАС ДЕМЕУШІСІ / ГЕНЕРАЛЬНЫЙ СПОНСОР НАЦИОНАЛЬНОГО КОНКУРСА «JAŃA DALA / GREEN DAY ‘2026» СРЕДИ МЯСНЫХ ПОРОД КРС:

ТОО "Агротехменеджмент"

SAVORY - ЖЕҢІМПАЗДАР РАЦИОНЫНЫҢ ДЕМЕУШІСІ / SAVORY - СПОНСОР РАЦИОНА ПОБЕДИТЕЛЕЙ

SAVORY

КӨШПЕЛІ ІС-ШАРАЛАРДЫ ЖАБДЫҚТАУ ДЕМЕУШІСІ / СПОНСОР ЗАСТРОЙКИ ВЫЕЗДНЫХ МЕРОПРИЯТИЙ:

B2B GROUP

«Jańa Dala / Green Day ‘2026» Бас серіктесі — «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ / Генеральный партнер «Jańa Dala / Green Day ‘2026» НАО «Национальный аграрный научно-образовательный центр»


"Қазақ тұлпары" ЖШС демонстрациялық алаңдарында өтетін "Қазақстан Дала күні "Jańa dala / Green Day '2026" мамандандырылған көрме-демонстрациясының демеушілері / Спонсоры Специализированной выставки-демонстрации «Казахстанский День поля «Jańa Dala / Green Day ‘2026», на демонстрационных полях ТОО «Қазақ тұлпары»:


БАС ДЕМЕУШІ /ГЕНЕРАЛЬНЫЙ СПОНСОР АСТАНА АГРОПАРТНЕР И MASCHIO GASPARDO:


ТІРКЕУ ДЕМЕУШІСІ / СПОНСОР РЕГИСТРАЦИИ:

«РОСТСЕЛЬМАШ»

ДЕМЕУШІСІ / СПОНСОР :


ЭЛЕКТР ҚОРШАУЛАРЫНЫҢ РЕСМИ ЖЕТКІЗУШІСІ / ОФИЦИАЛЬНЫЙ ПОСТАВЩИК ЭЛЕКТРОИЗГОРОДЕЙ


КӨШПЕЛІ ІС-ШАРАЛАРДЫ ЖАБДЫҚТАУ ДЕМЕУШІСІ / СПОНСОР ЗАСТРОЙКИ ВЫЕЗДНЫХ МЕРОПРИЯТИЙ:

B2B GROUP

РЕСМИ ҚОЛДАУ / ОФИЦИАЛЬНАЯ ПОДДЕРЖКА:

КӨРСЕТІЛІМ СЕРІКТЕСТЕРІ / ПАРТНЕРЫ ДЕМОНСТРАЦИИ:

© 2026 ExpoTime. All Rights Reserved.