БАҚ үшін хабарлама

 

Ауқым мен инновациялар:

«Jańa Dala / Green Day ‘2026»

Қазақстанның негізгі аграрлық өңірлерін қамтиды

 

04.05.2026 ж.

 

Қазақстан, 2026 жылғы шілде – еліміздегі заманауи агротехнологиялардың ең ірі демонстрациялық алаңы «Jańa Dala / Green Day ‘2026» екі ауқымды іс-шараның басталғанын жариялайды. 2026 жылғы шілде–тамыз айларында Ақмола және Қостанай облыстарында өтетін Дала күндері фермерлердің, ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілердің және сала сарапшыларының негізгі кездесу алаңына айналады.

Іс-шараларды өткізу кестесі:

  1. 16–17 шілде – Ақмола облысы. «Ақтық» агрофирмасы» АҚ демонстрациялық егіс алқаптарында өтетін көрме-демонстрация (Нұресіл ауылы, Целиноград ауданы)
  2. 30 шілде – 1 тамыз – Қостанай облысы. «Қостанай дала фестивалі» агрофестивалі аясындағы мамандандырылған көрме, «Қазақ тұлпары» ЖШС демонстрациялық егіс алқаптарында (Осиновка кенті, Қостанай ауданы).

Іс-шараның негізгі форматы: «Әрекеттегі техника»

«Jańa Dala / Green Day» көрмесінің басты ерекшелігі – техниканы нақты далалық жағдайда көрсету. Келушілер заманауи егіс, топырақ өңдеу және егін жинау техникаларының, дәлме-дәл егіншілік жүйелерінің және агродрондардың жұмысын тікелей тамашалай алады. Тәжірибелік алқаптарда жаңа тұқымдар, өсімдіктерді қорғау құралдары мен тыңайтқыштарды қолданудың нәтижелері ұсынылады.

Іс-шара бағдарламасына мыналар кіреді:

  • Ауыл шаруашылығы техникасының экспозициясы: әлемдік және отандық брендтердің 500-ден астам техника бірлігі;
  • Мал шаруашылығы бағыты: асыл тұқымды мал және фермерлік шаруашылықтарға арналған жабдықтардың көрсетілімі;
  • Іскерлік алаң: АӨК-ті мемлекеттік қолдау, органикалық егіншілік және өнім экспортын дамыту мәселелеріне арналған форумдар, конференциялар мен семинарлар;
  • Агрофестиваль (Қостанай облысы): «Қостанай дала фестивалі» кең ауқымды мәдени-ойын-сауық бағдарламасы, дәстүр мен заманауи аграрлық жетістіктерді ұштастырады.

«Біздің көрмелер – бұл жай ғана статикалық экспозиция емес, тәжірибе алмасуға және тікелей дала жағдайында келісімшарттар жасауға мүмкіндік беретін тиімді алаң. 2026 жылы біз ауқымды кеңейтіп, еліміздің негізгі астықты өңірлеріндегі аграршыларға ең озық шешімдерге қол жеткізу мүмкіндігін ұсынамыз», – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін және сала сарапшыларын 2026 жылдың жазындағы басты аграрлық оқиғаларға қатысуға шақырамыз!

Көрмеге қатысуға өтінімдер:

+7 701 588 5497, e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

+7 701 516 4102, e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

+7 777 174 8622, e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

+7 701 235 2999, e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

Сайт: https://expotime.kz

Instagram: https://www.instagram.com/jana_dala_greenday/

 

БАҚ аккредитациясы үшін:

«Jańa Dala / Green Day» ақпараттық орталығы

Ринат Тасбулатов

Тел.: +7 701 460 91 82

e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

"Ақтық "Агрофирмасы" АҚ алқабында өтетін Jańa Dala / Green Day '2026 «Қазақстандық Дала күні» мамандандырылған көрме-демонстрациясының демеушілері / Спонсоры специализированной выставки-демонстрации «Казахстанский День поля «Jańa Dala / Green Day ‘2026» на демонстрационных полях АО «Агрофирма «Ақтық»:


БАС ДЕМЕУШІ / ГЕНЕРАЛЬНЫЙ СПОНСОР:

«АгромашХолдинг KZ»

ТЕХНОЛОГИЯ ДЕМЕУШІСІ / ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЙ СПОНСОР:

ТОО «Амазоне»

ТІРКЕУ ДЕМЕУШІСІ / СПОНСОР РЕГИСТРАЦИИ:

«РОСТСЕЛЬМАШ» «Казрост»

ІРІ ҚАРА МАЛ ТҰҚЫМДАРЫ АРАСЫНДАҒЫ «JAŃA DALA / GREEN DAY '2026» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ БАС ДЕМЕУШІСІ / ГЕНЕРАЛЬНЫЙ СПОНСОР НАЦИОНАЛЬНОГО КОНКУРСА «JAŃA DALA / GREEN DAY ‘2026» СРЕДИ МЯСНЫХ ПОРОД КРС:

ТОО "Агротехменеджмент"

КӨШПЕЛІ ІС-ШАРАЛАРДЫ ЖАБДЫҚТАУ ДЕМЕУШІСІ / СПОНСОР ЗАСТРОЙКИ ВЫЕЗДНЫХ МЕРОПРИЯТИЙ:

B2B GROUP

"Қазақ тұлпары" ЖШС демонстрациялық алаңдарында өтетін "Қазақстан Дала күні "Jańa dala / Green Day '2026" мамандандырылған көрме-демонстрациясының демеушілері / Спонсоры Специализированной выставки-демонстрации «Казахстанский День поля «Jańa Dala / Green Day ‘2026», на демонстрационных полях ТОО «Қазақ тұлпары»:


БАС ДЕМЕУШІ /ГЕНЕРАЛЬНЫЙ СПОНСОР АСТАНА АГРОПАРТНЕР И MASCHIO GASPARDO:


ТІРКЕУ ДЕМЕУШІСІ / СПОНСОР РЕГИСТРАЦИИ:

«РОСТСЕЛЬМАШ»

ДЕМЕУШІСІ / СПОНСОР :


ЭЛЕКТР ҚОРШАУЛАРЫНЫҢ РЕСМИ ЖЕТКІЗУШІСІ / ОФИЦИАЛЬНЫЙ ПОСТАВЩИК ЭЛЕКТРОИЗГОРОДЕЙ


КӨШПЕЛІ ІС-ШАРАЛАРДЫ ЖАБДЫҚТАУ ДЕМЕУШІСІ / СПОНСОР ЗАСТРОЙКИ ВЫЕЗДНЫХ МЕРОПРИЯТИЙ:

B2B GROUP

РЕСМИ ҚОЛДАУ / ОФИЦИАЛЬНАЯ ПОДДЕРЖКА:

КӨРСЕТІЛІМ СЕРІКТЕСТЕРІ / ПАРТНЕРЫ ДЕМОНСТРАЦИИ:

© 2026 ExpoTime. All Rights Reserved.