БАҚ үшін хабарлама

                                                                                                                     19.05.2026 ж.

 

Агробизнес ауқымы мен дала мұрасы тоғысқан алаң:

Қостанай облысында «Қостанай дала фестивалі»

атты ең ірі фестиваль өтеді

 

ҚОСТАНАЙ, Қазақстан – 2026 жылғы 30 шілде мен 1 тамыз аралығында «Қазақ тұлпары» ЖШС-нің демонстрациялық алқаптарында (Осиновка ауылы) ауқымды салалық іс-шара - «Қостанай дала фестивалі» агрофестивалі өтеді. Аталған алаң заманауи агротехнологияларды, өңірдің инвестициялық әлеуетін және Қостанай даласының бай мәдени-тарихи мұрасын тоғыстырады.

Фестиваль өңір өмірінің барлық салаларын қамтитын бес тақырыптық бағытты ұсынады:

  1. Инновациялар мен бизнес: «Jańa Dala / Green Day ‘2026»

Фестивальдің басты оқиғасы - Қазақстандық Дала күні. Алаңда келушілер заманауи ауыл шаруашылығы техникаларының жұмысын тамашалап, тәжірибе станциялары мен тұқым шаруашылықтарының озық жетістіктерімен танысады. Бағдарламаның іскерлік өзегін өңірдің агроөнеркәсіп кешеніндегі ірі инвестициялық жобалар көрмесі мен асыл тұқымды ауыл шаруашылығы жануарларының аукционы құрайды. «Бір ауыл – бір өнім» бастамасы аясында шағын және орта бизнес өкілдері өңірдің бірегей әрі бәсекеге қабілетті өнімдерін ұсынады.

  1. Салалық павильондар: өңдеуден туризмге дейін

Фестиваль аясында өңір экономикасының негізгі бағыттарын таныстыратын мамандандырылған павильондар ұйымдастырылады:

- Май және ұн: дәнді және майлы дақылдарды өңдеуші кәсіпорындардың бірыңғай көрме алаңы.

- Мемлекеттік қолдау: даму институттары мен қаржыландыру ұйымдарының консультациялық алаңы.

- Туризм: облыстағы шипажайлар, демалыс базалары мен қорық аймақтарының таныстырылымы.

  1. Кәсіби диалог және цифрлық технологиялар

Іскерлік бағдарлама аясында Солтүстік өңірлердің ветеринария мамандарының II республикалық слёті және ауыл шаруашылығына жасанды интеллект пен автоматтандыру технологияларын енгізуге арналған конференция өтеді.

  1. Саланың болашағы: білім мен жастар

Фестиваль аясында колледж студенттері арасында кәсіби шеберлік байқаулары ұйымдастырылады. Талапкерлер мен олардың ата-аналары еліміздің жетекші аграрлық жоғары оқу орындары мен колледждерінің білім беру бағдарламаларымен танысуға мүмкіндік алады.

  1. Рухани мұра және мереке рухы

Бағдарламада Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына арналған тағылымды іс-шараларға ерекше орын беріледі. Сонымен қатар, қонақтарды ұлттық спорт түрлерінен көрсетілімдер, өнер майталмандарының қойылымдары және қазақстандық эстрада жұлдыздарының гранд-концерті күтеді.

Ұйымдастырушылар: «EXPO TIME» компаниясы Қостанай облысы әкімдігінің ресми қолдауымен.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін және сала сарапшыларын 2026 жылдың жазындағы басты аграрлық оқиғалардың біріне қатысуға шақырамыз.

Көрмеге қатысуға өтінімдер:

+7 701 588 5497, e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

+7 701 516 4102, e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

+7 777 174 8622, e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

+7 701 235 2999, e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

Сайт: https://expotime.kz

Instagram: https://www.instagram.com/jana_dala_greenday/

 

БАҚ аккредитациясы үшін:

«Jańa Dala / Green Day» ақпараттық орталығы

Ринат Тасбулатов

Тел.: +7 701 460 91 82

e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

"Ақтық "Агрофирмасы" АҚ алқабында өтетін Jańa Dala / Green Day '2026 «Қазақстандық Дала күні» мамандандырылған көрме-демонстрациясының демеушілері / Спонсоры специализированной выставки-демонстрации «Казахстанский День поля «Jańa Dala / Green Day ‘2026» на демонстрационных полях АО «Агрофирма «Ақтық»:


БАС ДЕМЕУШІ / ГЕНЕРАЛЬНЫЙ СПОНСОР:

«АгромашХолдинг KZ»

ТЕХНОЛОГИЯ ДЕМЕУШІСІ / ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЙ СПОНСОР:

ТОО «Амазоне»

ТІРКЕУ ДЕМЕУШІСІ / СПОНСОР РЕГИСТРАЦИИ:

«РОСТСЕЛЬМАШ» «Казрост»

ІРІ ҚАРА МАЛ ТҰҚЫМДАРЫ АРАСЫНДАҒЫ «JAŃA DALA / GREEN DAY '2026» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ БАС ДЕМЕУШІСІ / ГЕНЕРАЛЬНЫЙ СПОНСОР НАЦИОНАЛЬНОГО КОНКУРСА «JAŃA DALA / GREEN DAY ‘2026» СРЕДИ МЯСНЫХ ПОРОД КРС:

ТОО "Агротехменеджмент"

КӨШПЕЛІ ІС-ШАРАЛАРДЫ ЖАБДЫҚТАУ ДЕМЕУШІСІ / СПОНСОР ЗАСТРОЙКИ ВЫЕЗДНЫХ МЕРОПРИЯТИЙ:

B2B GROUP

"Қазақ тұлпары" ЖШС демонстрациялық алаңдарында өтетін "Қазақстан Дала күні "Jańa dala / Green Day '2026" мамандандырылған көрме-демонстрациясының демеушілері / Спонсоры Специализированной выставки-демонстрации «Казахстанский День поля «Jańa Dala / Green Day ‘2026», на демонстрационных полях ТОО «Қазақ тұлпары»:


БАС ДЕМЕУШІ /ГЕНЕРАЛЬНЫЙ СПОНСОР АСТАНА АГРОПАРТНЕР И MASCHIO GASPARDO:


ТІРКЕУ ДЕМЕУШІСІ / СПОНСОР РЕГИСТРАЦИИ:

«РОСТСЕЛЬМАШ»

ДЕМЕУШІСІ / СПОНСОР :


ЭЛЕКТР ҚОРШАУЛАРЫНЫҢ РЕСМИ ЖЕТКІЗУШІСІ / ОФИЦИАЛЬНЫЙ ПОСТАВЩИК ЭЛЕКТРОИЗГОРОДЕЙ


КӨШПЕЛІ ІС-ШАРАЛАРДЫ ЖАБДЫҚТАУ ДЕМЕУШІСІ / СПОНСОР ЗАСТРОЙКИ ВЫЕЗДНЫХ МЕРОПРИЯТИЙ:

B2B GROUP

РЕСМИ ҚОЛДАУ / ОФИЦИАЛЬНАЯ ПОДДЕРЖКА:

КӨРСЕТІЛІМ СЕРІКТЕСТЕРІ / ПАРТНЕРЫ ДЕМОНСТРАЦИИ:

© 2026 ExpoTime. All Rights Reserved.