12.02.2024 ж.

 

Қазақстанның мал өсірушілері үздік бұқаны таңдауға

Ұлттық конкурс өткізеді.

 

Қазақстанда алғаш рет ІҚМ ет және сүт тұқымдары арасында ұлттық байқау өтеді. Асыл тұқымды мал шаруашылығы кәсіпқойлары арасындағы конкурстың қорытындысы «Jańa Dala / Green Day '2024» «Үздік бұқа» номинациясы бойынша ұлттық конкурстың абсолютті чемпионын таңдау болады.  Жеңімпазды халықаралық төрешілердің қазылар алқасы анықтайды. Іс-шара Қазақстанда 2024 жылғы 18-19 шілдеде өтетін «Jańa Dala/Green Day 2024» мамандандырылған халықаралық көрме-демонстрациясы шеңберінде өтеді.

Ұлттық конкурстың тұжырымдамасы, оны өткізу шарттары мен тәртібі Астанада Қазақстанның барлық ет және сүт тұқымдары Республикалық палаталарының, өнімді және әмбебап бағыттағы жылқы тұқымдары Республикалық палатасының, Қазақстанның ветеринариялық палатасының және көрмені ұйымдастырушы – «EXPO TIME» компаниясының басшыларының қатысуымен өткен кеңесте талқыланды.

 Асыл тұқымды ІҚМ арасында ұлттық конкурс өткізу туралы бастама өткен жылғы «Jańa Dala / Green Day '2023»  Дала күні аяқталғаннан кейін айтылды, онда мал аукционы сәтті өткізіліп, үздік бұқа таңдалды.

 Биылғы байқау үш кезеңде өтеді. Бірінші кезеңде бонитерлер (жіктеуіштер) аймақтардағы әр тұқымның ішінен ең жақсы бұқаларды анықтайды. Содан кейін, екінші кезең барысында Республикалық палаталар конкурстың соңғы кезеңіне қатысу үшін тұқымдардың үздік өкілдерін іріктейді. Жарыстың қорытындысы халықаралық қазылар алқасының «Jańa Dala / Green Day '2024» «Үздік бұқа» номинациясы бойынша ұлттық конкурстың абсолютті чемпионын таңдау туралы шешімі болады.

  Сала сарапшыларының ортақ пікірінше, Қазақстанда мал шаруашылығы, жем-шөп және ветеринария бойынша жыл сайынғы жеке мамандандырылған көрме пайда болғаны жақсы. Республиканың барлық фермерлері мұндай іс-шараларға шетелде үнемі қатыса алмайды.  Республиканың өңірлерінде өткізілетін жекелеген семинарлар агробизнестің мал шаруашылығын дамыту, жануарлар денсаулығы және мал басының сақталуын қамтамасыз ету саласындағы жаңа трендтер, тәсілдер мен технологиялар туралы ақпаратқа деген қажеттілігін толыққанды толықтыра алмайды.

«Jańa Dala / Green Day '2024» бірыңғай мал шаруашылығы павильонының тұсаукесер бағдарламасы 50-ден астам жануар тұқымының қатысуын қамтиды: Qazaq aqbas, Ангус, Герефорд, Қалмақ және Әулиекөл тұымдары және т.б. Сүтті ІҚМ симментал және голштин тұқымдарымен таныстырылады. Бұдан басқа, өнімді және әмбебап бағыттағы жылқы тұқымдары Республикалық палатасының жылқы өсірушілері селекциялық-асыл тұқымдық жұмыстардың нәтижелерін көрсетеді.

 «Jańa Dala / Green Day» мамандандырылған көрме-демонстрациясы - 2013 жылдан бері өткізіліп келе жатқан дәстүрлі Дала күні форматындағы іс-шара. Көрме қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы технологияларының, селекциялық жетістіктердің, жоғары өнімді техниканың, сондай-ақ ветеринария және органикалық егіншілік саласындағы инновациялық әзірлемелердің республикадағы ең ірі көрсетілім алаңы болып табылады.

 Дала күні аясында Қазақстанның барлық өңірлерінен асыл тұқымды мал тұқымдарының көрсетілімдері мен аукциондары өткізіледі. «Jańa Dala / Green Day» жыл сайын Ақмола облысының Ақкөл ауданындағы «Еңбек» ЖШС-нің демонстрациялық алаңдарында, Астана қаласынан 90 км қашықтықта, Астана-Көкшетау автобанының бойында өтеді.

_______________________________________________

«Jańa Dala / Green Day ‘2024» баспасөз орталығы,

Ринат Тасбулатов, 8-701 460 91 82, e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript. 

https://expotime.kz 

https://t.me/jana_dala 

https://www.instagram.com/jana_dala_greenday/

BAS DEMEUŞILER / ГЕНЕРАЛЬНЫЕ СПОНСОРЫ:

«ROSTSELMASH» ЧК «KAZROST ENGINEERING LTD»

TEHNOLOGIALYQ DEMEUŞI / ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЙ СПОНСОР:

ТОО «Амазоне»

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФИРМАЛЫҚ ПАКЕТТЕР ДЕМЕУШІСІ / СПОНСОР ЭКОЛОГИЧНЫХ ФИРМЕННЫХ ПАКЕТОВ:

ТОО «Щелково Агрохим – KZ»

EGІS NAÝQANYNYŃ DEMEÝSHІSІ / СПОНСОР ПОСЕВНОЙ КАМПАНИИ:

Группа компаний «Шанс

ОФИЦИАЛЬНАЯ ПОДДЕРЖКА:

ПАРТНЕРЫ ДЕМОНСТРАЦИИ:

© 2024 ExpoTime. All Rights Reserved.