БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

ФАО Ақмола облысы фермерлерін пестицидтердің мөлшерін азайтып, «таза» өнім алу жолдарын үйретуде

  Аграрлық сектордың дамуы және жемістер мен көкөністерге сұраныстың артуы жағдайында зиянкестермен күресу үшін химиялық пестицидтерді интенсивті және бақылаусыз қолдану барған сайын артып келеді. Сонымен қатар жаһандық жылынумен бірге зиянды организмдердің түрлік құрамы да өзгеріп, жаңа аурулар пайда болуда. Ақмола облысының диқандары да осындай мәселелерге тап болып отыр. Жергілікті шаруалар жеміс-жидек дақылдарының бактериялық күйігінен (шығын 50 мың гектарға жетеді), қызанақ көбелегінен, қызанақ жемістерінің мыжылуынан егін шығындарына ұшырауда. Қоңыр мәрмәр қандала және т.б. жаңадан пайда болған зиянкестер қауіп тудырады.

 Осыған орай, ФАО (Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы) мамандары Ақмола облысының фермерлерін өсімдік ауруымен күресудің заманауи әдістерін қолдануды үйретуде. Бұл қауіпті препараттарды қолдануды 60%-ға дейін азайтуға, оларды қауіптілігі төмен заттарға ауыстыруға, ал кейбір кезеңде тыңайтқыштардан толық бас тартуға мүмкіндік береді.

Сонымен, 18-19 шілдедеАқкөл ауданында (Ақмола облысы) ФАО, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі және ГЭФ-тің «Орталық Азия мен Түркия елдерінде пестицидтердің өмірлік циклін басқару және құрамында ТОЛ бар пестицидтерді жою» жобасы аясында ұйымдастырылған тренинг өткізілуде.

Тренингке Ақмола облысының фермерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, Ауыл шаруашылығы министрлігінің республикалық және облыстық, сондай-ақ ҮЕҰ өкілдерін қосқанда 30-ға жуық адам қатысты.

Атап айтқанда, ФАО сарапшылары өсімдіктерді кешенді қорғау (IPM) туралы айтады. Бұл қауіпті және карантиндік зиянкестердің таралуын бақылауда ұстауға, экологиялық таза және бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге және пестицидтерді тұтынуды азайтуға көмектесетін ФАО-ның бірегей құралы. IPM әдістері көптеген елдерде таза топырақты сақтау, биоәртүрлілікті және халықтың денсаулығын қорғау үшін кеңінен қолданылады.

  IPM тиімділігін көрсету үшін ФАО 2023 жылы Қазақстанда алма бақтарында, қызанақ пен қырыққабатта сынақтар өткізді. Тәжірибе көрсеткендей, пестицидтерді қолданудың айтарлықтай азайғанына қарамастан, пестицидтер ескі әдіспен қолданылған орындармен салыстырғанда жақсы нәтижелерге жеткізген. Сонымен қатар шығындарды көбейтудің қажеті жоқ еді.

Мысалы, кәдімгі тәжірибе бір маусымда 20-дан астам пестицид қолдануды қажет етсе, ал IPM-де - тек 6, яғни экономикалық тиімділігі 80% -дан астам болды. Бұл орайда токсикологиялық бағалау топырақта да, жемістерде де химиялық заттардың іздерінің жоқтығын көрсетті, бұл өскен өнімнің «тазалығын» көрсетеді.

Жанна Исина, Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдіктерді қорғау және өсімдіктер карантині ғылыми-зерттеу институты өсімдіктер карантині бөлімінің меңгерушісі:«Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласында пестицидтерді бақылаусыз қолданудың күшеюі Қазақ өсімдіктерді қорғау және өсімдіктер карантині ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарын қатты алаңдатып отыр. Көптеген елдер өсімдіктерді қорғаудың экологиялық таза технологияларына белсенді түрде көшіп жатқанда, қазіргі уақытта Қазақстанда өсімдіктерді зиянкестерден қорғау тек жоғары улы пестицидтермен өңдеу керек деген стереотип қалыптасқан. Бірақ бұл мүлдем қате көзқарас. Топырағымыз бен экологиямызды сақтау, қауіпсіз ауыл шаруашылығын дамыту үшін тыңайтқыштардың мөлшері мен өңдеу мерзімін оңтайландыру қажет. Ерекше қауіпті пестицидтерге балама таңдау да маңызды жайт, бұл қауіптілік класы 3-4 пестицидтерді, биофунгицидтер мен биоинсектицидтерді қолдануды қажет етеді».

Алынған нәтижелерді тарату және IPM әдістерін көрсету мақсатында Павлодар облысында ғана емес, Қазақстанның басқа аймақтарында фермерлер мен бағбандарға арналған тренингтер сериясын өткізу ұсынылды. Тренинг тұрақты ауыл шаруашылығы тәжірибесін енгізу үшін қажетті білім мен дағдыларды беруге бағытталған. IPM принциптері, үш рет шаю әдістері және бүріккіш жүйелерді дұрыс пайдалану зиянкестерге қарсы күресті күшейтеді, сонымен бірге пестицидтер қаупін азайтады.

«Қазіргі уақытта Қазақстанда өсімдіктерді зиянкестерден қорғау тек жоғары улы пестицидтермен өңдеу керек деген стереотип қалыптасқан. Бірақ бұл мүлдем қате көзқарас. Топырағымыз бен экологиямызды сақтау, қауіпсіз ауыл шаруашылығын дамыту үшін тыңайтқыштардың мөлшері мен өңдеу мерзімін оңтайландыру қажет. Ерекше қауіпті пестицидтерге балама таңдау да маңызды жайт, бұл қауіптілік класы 3-4 пестицидтерді, биофунгицидтер мен биоинсектицидтерді қолдануды қажет етеді», - деп атап өтті Жанна Исина, Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдіктерді қорғау және өсімдіктер карантині ғылыми-зерттеу институты өсімдіктер карантині бөлімінің меңгерушісі.

Тренингтің тағы бір маңызды бөлігі пестицидтердің бос контейнерлерін пайдалану мәселесіне арналған. Өкінішке орай, Қазақстанның көптеген өңірлерінде мұндай қалдықтарды жинау және өңдеу жүйесі әлі де жоқ. Нәтижесінде пестицидтерге арналған контейнерлер полигондарға түсіп, өртеніп кетеді. Пестицидтердің қалдықтары төгіліп, топырақ пен су қоймаларына сіңіп, қоршаған ортаны ластайды. Шаруалар контейнерлерді күнделікті өмірде, әсіресе азық-түлік мақсатында пайдаланса, одан да қауіпті.

«Тәжірибе көрсеткендей, адамдар бос канистрлерді дұрыс жууды білмейді. Көбінесе олар мүлдем жуылмайды және пестицидтердің қалдықтарымен бірге кәдеге жаратуға жіберіледі. Ең сорақысы, олар суды немесе тағамды сақтау үшін контейнерлерді пайдаланады. Пестицидтердің қалдықтарымен жанасу адамдарда улану және басқа да ауыр ауруларды тудыруы мүмкін». – деп атап деп айтып кеттіӘсел Шаханова, ФАО-ның пестицидтерге арналған контейнерлерді басқару жүйесі бойынша ұлттық кеңесшісі.

  Сарапшы контейнерлерді қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін үш рет шаю технологиясын қалай қолдану керектігімен бөлісті.

 «Зерттеуге сәйкес, бірінші жуудан кейін пестицид қалдықтары бастапқы мөлшерден 1,4%-ға, екіншісінен кейін 0,021%-ға, үшіншіден кейін 0,00035%-ға дейін азаяды. Бұл үш рет жуу әдісі қауіпті заттардың мөлшерін айтарлықтай азайтып, контейнерлерді кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді қауіпсіз етеді дегенді білдіреді, - дедіӘсел Шаханова.

Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдіктерді қорғау және өсімдіктер карантині ғылыми-зерттеу институты Фитосанитарлық зертханалық талдау орталығының меңгерушісі Гүлмира Исенова өз кезегінде пестицидтерді кеңінен және жиі бақылаусыз қолдану қоршаған ортаға және адам денсаулығына кері әсерін тигізетінін атап өтті. Атап айтқанда, жасуша деңгейіндегі зат алмасудың бұзылуына, қатерлі ісік, лейкоз, қант диабеті, глаукома, церебральды сал ауруы, ұрықтың өсу мен даму патологиясы, фауна мен флораның өлуі және т.б.

«Атмосфералық ауаның, ауыз судың, топырақтың, тамақ өнімдерінің пестицидтердің қалдықтарымен ластануы химиялық факторды адам денсаулығына қауіп төндіретін жетекші факторлардың бірі ретінде қарастыруға негіз береді. Пестицидтерді қолданудың жағымсыз салдарларының алдын алуда олардың қоршаған орта объектілеріндегі, өсімдік шаруашылығы өнімдеріндегі, жемшөп пен азық-түлік өнімдеріндегі улы қалдықтарының құрамын гигиеналық нормаларға сәйкес бақылау маңызды рөл атқарады», - деп қосты Гүлмира Исенова.

  Қазақстандағы ФАО жобасының ұлттық менеджері Салтанат Баешова: «Біз өсімдіктерді зиянкестерден кешенді қорғау бойынша сынақтар жүргіздік және айтарлықтай нәтижелер алдық, бұл іс жүзінде пестицидтерді зиянкестерден қорғаудың биологиялық әдістерімен біріктірілген жағдайда пестицидтерді бірнеше есе аз қолдануға болатынын көрсетті. Ендігі ең бастысыфермерлер бұл әдістің экологиялық қауіпсіздігін ғана емес, экономикалық тиімділігін де түсінуі үшін осы нәтижелерді тарату. Осы мақсатта біз фермерлерге бұл тренингтерді өткізіп отырмыз» - деп атап өтті.

ФАО жақын арада Қазақстанның барлық аймақтарында осындай оқу өткізуді көздеп отыр.

Қосымша ақпарат алу үшін ФАО-ға хабарласыңыз: +7 777 021 6055

 

«Еңбек» ЖШС-нің алқабында өтетін Jańa Dala / Green Day '2024 «Қазақстандық Дала күні» мамандандырылған көрме-демонстрациясының демеушілері / Спонсоры специализированной выставки-демонстрации «Казахстанский День поля «Jańa Dala / Green Day ‘2024» на демонстрационных полях ТОО «Енбек»:


BAS DEMEUŞILER / ГЕНЕРАЛЬНЫЕ СПОНСОРЫ:

«ROSTSELMASH» ЧК «KAZROST ENGINEERING LTD»

АЛТЫН ДЕМЕУШIСI / ЗОЛОТОЙ СПОНСОР:

ТОО «Westfalia Казахстан»

TEHNOLOGIALYQ DEMEUŞI / ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЙ СПОНСОР:

ТОО «Амазоне»

FIRMALYQ PAKET DEMEÝSHISI / СПОНСОР ФИРМЕННЫХ ПАКЕТОВ:

ТОО «Щелково Агрохим – KZ»

ОРГАНИКАЛЫҚ БАЛЫНЫҢ ДЕМЕУШІСІ / СПОНСОР ОРГАНИЧЕСКОГО МЁДА:

«Сокульский омартасы»

ІРІ ҚАРА МАЛ ТҰҚЫМДАРЫ АРАСЫНДАҒЫ «JAŃA DALA / GREEN DAY '2024» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ БАС ДЕМЕУШІСІ / ГЕНЕРАЛЬНЫЙ СПОНСОР НАЦИОНАЛЬНОГО КОНКУРСА «JAŃA DALA / GREEN DAY ‘2024» СРЕДИ МЯСНЫХ ПОРОД КРС:

ТОО "Агротехменеджмент"

«Қазақ тұлпары» ЖШС-нің алқабында өтетін Jańa Dala / Green Day '2024 «Қазақстандық Дала күні» мамандандырылған көрме-демонстрациясының демеушілері / Спонсоры специализированной выставки-демонстрации «Казахстанский День поля «Jańa Dala / Green Day ‘2024» на демонстрационных полях ТОО «Қазақ тұлпары» (Костанай):


BAS DEMEÝSHI  / ГЕНЕРАЛЬНЫЙ СПОНСОР:

ТОО «Щелково Агрохим – KZ»

АЛТЫН ДЕМЕУШIСI / ЗОЛОТОЙ СПОНСОР:

ТОО «Westfalia Казахстан»

TEHNOLOGIALYQ DEMEUŞI / ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЙ СПОНСОР:

ТОО «Амазоне»

КӘДЕСЫЙ ӨНІМДЕРІНІҢ ДЕМЕУШІСІ / СПОНСОР СУВЕНИРНОЙ ПРОДУКЦИИ:

ROSTSELMASH

РЕСМИ ҚОЛДАУ / ОФИЦИАЛЬНАЯ ПОДДЕРЖКА:

КӨРСЕТІЛІМ СЕРІКТЕСТЕРІ / ПАРТНЕРЫ ДЕМОНСТРАЦИИ:

© 2024 ExpoTime. All Rights Reserved.