06.11.2024 жыл
БАҚ үшін хабарлама
Астанада мал шаруашылығы, ветеринария және жемшөп
бойынша сала мәселелері талқыланатын көрмелер басталды.
Қазақстандық мал шаруашылығы, ветеринария және жемшөп өндіру саласындағы мамандар Астанада бүгінгі таңда агробизнес пен өндіріс жүргізу үшін ең үздік тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді көрсету үшін, сондай-ақ ұзаққа созылған проблемаларды талқылау және оларды шешу жолдарын табу үшін жиналды.
Бүгін Астанада «Jańa Dala / Vet Astana '2024» жемшөп және ветеринария бойынша халықаралық көрмесі мен «Jańa Dala / Farm Astana '2024» мал шаруашылығы және құс шаруашылығы бойынша халықаралық көрмесі жұмысын бастады.
Сол күндері дәл сонда «Jańa Dala / Pet Food '2024» үй жануарларына арналған тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің халықаралық көрмесі өтеді. Бұл іс-шараның стендтері мен мастер-кластары иттердің, мысықтардың және басқа да үй жануарлары иелерінің кең ауқымына бағытталған. Көрме жануарлар азығына, ветеринариялық препараттарға, жануарларды ұстау құралдарына, аксессуарларға, зоогигиеналық және зоопарфюмерлік өнімдерге, груминг тауарларына, басқа да сервистер мен көрсетілетін қызметтерге маманданған кәсіпқойларды жинады.
«Jańa Dala / Vet Astana ‘2024» және «Jańa Dala / Farm Astana ‘2024 көрмелерінде мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы саласындағы барынша мүдделі аудиторияға бағдарланған жабдықтар, жемшөп, ветеринариялық өнімдер, сондай-ақ технологиялар ұсынылған. Көрмелердің мақсаты - қазақстандық мал шаруашылығы және құс шаруашылығы кәсіпорындарына тәжірибе және өндіріс технологияларымен алмасу платформасын қамтамасыз ету арқылы бизнесті тиімді жүргізуге жәрдемдесу.
Алайда, көрмеге қатысушылардың айтуынша, бүгінгі таңда бұл іс-шаралар ерекше демонстрациялық форматтан өтіп, республиканың АӨК-дегі өзекті міндеттерді талқылау мен шешу үшін ұтымды алаңға айналды. Әңгіме Қазақстанның ветеринария саласындағы проблемалар, жануарлардың жұқпалы ауруларын таратпау шараларының тиімділігі, ет өнімдері экспортының жағдайы мен перспективалары, республикада жемшөп өндіру индустриясын жолға қою жайлы болып отыр. Конференциялардың, семинарлардың, консультациялардың жұмысына ҚР АШМ өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, салалық қоғамдық бірлестіктер мен шетелдік ұйымдардың сарапшылары, отандық даму институттары шақырылды.
Көрмелердің ғылыми-пікірталас құрамдас бөлігі - сүт шаруашылығы мен мал генетикасындағы инновациялық шешімдерден бастап, препараттар мен мал басын электрондық есепке алу жүйелерін практикалық қолдануға дейінгі 50-ге жуық түрлі іс-шаралар мен тақырыптарды қамтиды.
«Jańa Dala / Vet Astana ‘2024» және «Jańa Dala / Farm Astana ‘2024» көрмелерінде неғұрлым қызықты іс-шаралардың ішінде:
- ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті ұйымдастырған ҚР Ауыл шаруашылығының вице-министрі Аманғали Бердалиннің қатысуымен «Ветеринария саласындағы ағымдағы жағдай туралы» дөңгелек үстел;
- Испанияның бруцеллезді толығымен жою тәжірибесі туралы. PhD ветеринар ғылымдарының докторы (Испания), ZENDAL компаниялар тобының ветеринария мәселелері жөніндегі техникалық кеңесшісі Carlos Chipana (Карлос Чипа на) қатысуымен сессия;
- «Ет жобасы: Қайта жүктеу» және «Ет өнімдерін экспорттау перспективалары, экспорт жұмысындағы ағымдағы кедергілер» сессиялары;
- «Jańa Dala / Green Day ‘2025» «Ең күшті бұқа» ұлттық конкурсын өткізуге дайындық. Талқылауға қатысушылар - Әулиекөл тұқымы жөніндегі республикалық палатаның, Қалмақ тұқымының республикалық палатасының, «Қазақстан Ангусы» республикалық палатасының, Шароле, Лимузин және Обрак тұқымдары жөніндегі республикалық палатаның, Герефорд тұқымы жөніндегі республикалық палатаның, «Qazaq aqbas» қазақтың ақбас тұқымы жөніндегі республикалық палатаның басшылары.
Көрмелерді АӨК саласындағы осындай халықаралық форумдар мен конференциялардың республикадағы жетекші ұйымдастырушыларының бірі «EXPO TIME» қазақстандық компаниясы өткізуде. Қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен сала мамандары «EXPO TIME» компаниясын дәстүрлі «Jańa Dala / Green Day» Дала күндерінен жақсы біледі.
Көрмеге қатысушылардың айтуынша, заманауи аграрлық технологиялардың өнім беруші-компаниялары үшін іс-шараның үшеуі де ірі ұйымдармен, сондай-ақ шағын шаруашылықтармен және жануарлардың иелерімен іскерлік байланыстар орнату үшін тиімді салалық алаңға айналмақ.
«Jańa Dala/Vet Astana '2024» жемшөп және ветеринария бойынша халықаралық көрменің, «Jańa Dala / Farm Astana '2024» мал шаруашылығы және құс шаруашылығы бойынша халықаралық көрменің және «Jańa Dala / Pet Food '2024» үй жануарларына арналған тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің халықаралық көрмесінің жұмысы 8 қарашаға дейін жалғасады.
________________________________________________
«Jańa Dala / Green Day» Дала күні ақпараттық орталығы,
8-701 460 91 82, e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.
https://www.instagram.com/jana_dala_greenday/