29.07.2024 ж.
БАҚ үшін хабар
Қостанай облысында ауқымды Дала күні өтеді
Қостанай маңында агроөнеркәсіптік кешен мен ауыл шаруашылығы өндірісінің өңірдегі ең ауқымды көрмесі өтпекші. «Jańa Dala / Green Day '2024» мамандандырылған көрсетім-көрмесі 2024 жылдың 1-2 тамызында «Қазақ тұлпары» ЖШС алқабында өтеді. Бұл Қостанайдан шығар жолда (1 ш.) Әулиекөл тас жолы бойымен, «7 миля» мотеліне қарсы орналасқан (Осиновка кенті, Қостанай ауданы).
Іс-шараны ұйымдастырушылар - Қарабалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясымен бірлесе отырып, Қазақстанның «EXPO TIME» компаниясы.
«Jańa Dala / Green Day '2024» қазақстандық Дала күні - бұл заманауи ауыл шаруашылығы технологиялары мен өнімділігі жоғары техниканың мүмкіндіктерін, ветеринария, селекция, өсімдіктерді қорғау және органикалық егіншілік саласындағы жетістіктерді көрсететін өңірдегі ең ірі көрсетім алаңы болып табылатын дәстүрлі көрме.
2024 жылғы Дала күніне АШТӨ мен бүкіл өңірдің агробизнес өкілдері тарапынан үлкен қызығушылық байқалады. Көрме Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың, әкімдіктің мүдделі бөлімшелерінің, сондай-ақ облыстың өндірістік, қаржыландырушы кәсіпорындары мен қоғамдық ұйымдарының қатысуымен өтеді.
Өңірдің фермерлері мен агроқұрылымдары үшін аса маңызды іс-шаралардың арасында «Jańa Dala / Green Day '2024» көрсетім-көрмесінде мынадай іс-шаралар күтілуде:
- Заманауи ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтардың көрсетімі (топырақты өңдеу, егіс жұмыстары, мелиорация және суару);
- Малшыларға арналған техникалар мен жабдықтар;
- Жетекші селекциялық станциялардан жоғары өнімді және сапалы ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттары себілген жер телімдері;
- «Автодом Қостанай» ЖШС жол талғамайтын көліктердің тест-драйвтары;
- GroupWise платформасында Сингент компаниясының кешенді агрономиялық сүйемелдеуі, Cropwise в Aitas Agro цифрлық платформасын практикалық қолдану тақырыптары бойынша «Қазақстан Сингентінен» конференциялар;
- Инновацияларды енгізу және тауарлы-сүт фермаларының құзыретін арттыру тақырыбына «Westfalia Казахстан» компаниясынан конференция;
- Германия мен Қазақстан арасындағы неміс-қазақ аграрлық-саяси диалогы (АСД) жобасымен Органикалық егіншілік және Сертификаттау: Әлемдік нарықтарға сенімді қолжетімділік және кірісті арттыру тақырыптарын талқылау;
«Jańa Dala / Green Day '2024» көрсетім-көрмесіне қатысушылар өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, техника мен жабдықтарды өндіру және жеткізу, органикалық егіншілік – ауыл шаруашылығы өндірісімен және аграрлық бизнеспен байланысты барлық салаларда мол тәжірибелерімен және технологиялармен бөліспек.
_________________________________________________
«Jańa Dala / Green Day» баспасөз орталығы,
Ринат Тасбулатов, 8-701 460 91 82, e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.
https://www.instagram.com/jana_dala_greenday/