31.10.2024 ж.
БАҚ үшін хабар
Қазақстанның мал өсірушілері сала проблемаларының шешімдерін іздестіруде.
Қазақстанның ауыл шаруашылығын, атап айтқанда мал шаруашылығын дамытуға кедергі келтіретін ең өзекті және проблемалық мәселелер Астанада мал өсірушілердің кәсіби бірлестіктерінің, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының – Аграрлық мәселелер жөніндегі комитет мүшелерінің, ҚР АШМ басшылығының және оның мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің, салалық қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен талқыланатын болады.
Әңгіме Қазақстанның ветеринария саласындағы ұзаққа созылған проблемалардың шешімдерін іздестіру, жануарлардың жұқпалы ауруларын таратпау бойынша шаралардың тиімділігі, ет өнімдері экспортының жағдайы мен перспективалары, республикада жемшөп өндірісі индустриясын жолға қою жөнінде болып отыр.
Пікірталастар мен талқылаулар ең маңызды салалық көрмелер – «Jańa Dala/Vet Astana '2024» жемшөп және ветеринария бойынша халықаралық көрменің және «Jańa Dala / Farm Astana '2024» мал шаруашылығы және құс шаруашылығы бойынша халықаралық көрменің ғылыми-практикалық бөлігі шеңберінде өтпекші Іс-шаралар 6-7-8 қарашада Астанада, Radisson Hotel Astana көршілес залдарында өтеді.
Көрмелердің мақсаты - қазақстандық мал шаруашылығы және құс шаруашылығы кәсіпорындарына тәжірибе және өндіріс технологияларымен алмасу платформасын қамтамасыз ету арқылы бизнесті тиімді жүргізуге жәрдемдесу. Бұл ретте, сарапшылардың бағалауы бойынша, іс-шаралар демонстрациялық форматтан аттап өтіп, республиканың АӨК-дегі өзекті міндеттерді талқылау және шешуге арналған ұтымды алаңға айналды.
Сол күндері дәл сонда «Jańa Dala / Pet Food '2024» үй жануарларына арналған тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің халықаралық көрмесі өтеді. Бұл іс-шараның стендтері мен мастер-кластары иттердің, мысықтардың және басқа да үй жануарлары иелерінің кең ауқымына бағытталған. Көрме жануарлар азығына, ветеринариялық препараттарға, жануарларды ұстау құралдарына, аксессуарларға, зоогигиеналық және зоопарфюмерлік өнімдерге, груминг тауарларына, басқа да сервистер мен көрсетілетін қызметтерге маманданған кәсіпқойларды жинамақшы.
«Jańa Dala / Vet Astana ‘2024» және «Jańa Dala / Farm Astana ‘2024» көрмелерінде неғұрлым қызықты іс-шаралардың ішінде:
- ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті ұйымдастырған ҚР Ауыл шаруашылығының вице-министрі Аманғали Бердалиннің қатысуымен «Ветеринария саласындағы ағымдағы жағдай туралы» дөңгелек үстел;
- Испанияның бруцеллезді толығымен жою тәжірибесі туралы. фармакология ғылымдарының докторы PhD кандидаты (Испания), ZENDAL компаниялар тобының ветеринария мәселелері жөніндегі техникалық кеңесшісі Carlos Chipana (Карлос Чипа на) қатысуымен сессия;
- «Ет жобасы: Қайта жүктеу» және «Ет өнімдерін экспорттау перспективалары, экспорт жұмысындағы ағымдағы кедергілер» сессиялары;
- «Jańa Dala / Green Day ‘2025» «Ең күшті бұқа» ұлттық конкурсын өткізуге дайындық. Талқылауға қатысушылар - Әулиекөл тұқымы жөніндегі республикалық палатаның, Қалмақ тұқымының республикалық палатасының, «Қазақстан Ангусы» республикалық палатасының, Шароле, Лимузин және Обрак тұқымдары жөніндегі республикалық палатаның, Герефорд тұқымы жөніндегі республикалық палатаның, «Qazaq aqbas» қазақтың ақбас тұқымы жөніндегі республикалық палатаның басшылары.
«Jańa Dala/Vet Astana '2024» жемшөп және ветеринария бойынша халықаралық көрменің, «Jańa Dala / Farm Astana '2024» мал шаруашылығы және құс шаруашылығы бойынша халықаралық көрменің және «Jańa Dala / Pet Food '2024» үй жануарларына арналған тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің халықаралық көрмесінің жұмысы 6 қарашада сағат 9.00 басталып, 2024 жылғы 8 қарашаға дейін жалғасады. Іс-шараның мекенжайы: Астана қ., Сарыарқа даңғылы, 4, Radisson Hotel Astana отелі, «Сарыарқа-1», «Сарыарқа-2», «Сарыарқа-3», «Сарыарқа-4» залдары.
БАҚ назарына:
«Jańa Dala / Vet Astana ‘2024», «Jańa Dala / Farm Astana ‘2024» және «Jańa Dala / Pet Food ‘2024» көрмелеріне тіркелу 2024 жылғы 31 қазанда басталады.
Өтінімдер мына эл.мекенжайларда қабылданады: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.; Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.;
тел: 8-701 460 91 82
________________________________________________
«Jańa Dala / Green Day» Дала күні ақпараттық орталығы,
8-701 460 91 82, e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.
https://www.instagram.com/jana_dala_greenday/