БАҚ үшін хабар
Қазақстанның малшылары үшін Францияның SOMMET DE L’ELEVAGE
19.07.2024 ж.
Әлемдегі ең ірі мал шаруашылығы көрмелерінің бірі – Францияның SOMMET DE L’ELEVAGE (МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САММИТІ) мен Қазақстанның «EXPO TIME» арасында Серіктестік туралы келісімге қол қойылды. Құжат екі тараптың тығыз өзара іс-қимылын және Франция мен Қазақстандағы көрме іс-шараларына өзара тиімді қатысуды көздейді. Мал шаруашылығы саласындағы қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін қол жеткізілген келісім өзін еуропалық нарықтарда мәлімдеуге және заманауи тиімді технологияларға қолжетімділікті ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Осы күндері Астана маңында өтіп жатқан «Jańa Dala/Green Day 2024» мамандандырылған халықаралық көрсетім-көрмесінің бірінші күнінің соңында маңызды келісім жасалды. SOMMET DE L’ELEVAGE өкілдік делегациясы оның жұмысына қатысып, көрменің ұйымдастырылу деңгейі туралы жоғары пікірін білдірді. Биылғы жылдың іс-шарасына Қазақстаннан, жақын және алыс шетелдерден 200 астам компания қатысып отыр.
Серіктестік туралы құжатқа SOMMET DE L’ELEVAGE халықаралық даму жөніндегі директоры Бенуа Делалуа және «EXPO TIME» ЖШС директоры Әділхан Сағымбаев қол қойды.
«Біз осында болған мүмкіндік үшін Қазақстанның «EXPO TIME» компаниясына алғысымызды айтамыз. Біз өзімізді үйіміздегідей сезіндік, өйткені «Jańa Dala / Green Day» Дала күнінде көргеніміздің бәрі біздің құндылықтарымызға және біздің Мал шаруашылығы саммитімізде болып жатқанның бәріне өте жақын. Біз де сіздер сияқты, күн сайын Францияның барлық мал өсірушілеріндей, осындай жұмыспен айналысамыз және де, сіздер сияқты ауа-райына байланысты қиындықтарды басымыздан кешіреміз», - деп атап өтті Бенуа Делалуа.
Өз кезегінде, қазақстандық «Expo TIME» басшысы Әділхан Сағымбаев екі елдің көпшілікке танылған көрмелері арасындағы әріптестіктің маңыздылығы туралы өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, SOMMET DE L’ELEVAGE және Jańa Dala/Green Day ынтымақтастығы екі іс-шараның құзыреттілік деңгейін арттырып қана қоймай, қазақстандық мал өсірушілердің, сондай-ақ саладағы генетиктердің дамуына елеулі серпін беретін болады.
Соңында француз делегациясы қазақстандық компанияны 2024 жылғы 1-4 қазан аралығында Клермон-Ферран қаласында өтетін және Қазақстан Республикасы Құрметті қонағы болатын SOMMET DE L’ELEVAGE халықаралық тұрақты мал шаруашылығы бас форумына шақырды.
SOMMET DE L’ELEVAGE – мал шаруашылығы саласындағы ең ірі халықаралық мамандандырылған кәсіби көрмелердің бірі. Францияның орталық бөлігінде, Еуропаның ет бағытындағы мал тұқымдарын өсіру бойынша маңызды аймақтарының бірінде өтеді. Көрме алаңы – 17 га жуық. 2024 жылғы іс-шараға 1 700 экспонент, 2 000 малшы және 120 000 келуші қатысады деп жоспарлануда.
«Jańa Dala / Green Day» мамандандырылған көрсетім-көрмесі - 2013 жылдан бері өткізіліп келе жатқан дәстүрлі Дала күні форматындағы іс-шара. Көрме заманауи ауыл шаруашылығы технологияларының, селекциялық жетістіктердің, жоғары өнімді техниканың, сондай-ақ мал шаруашылығы, ветеринария, өсімдіктерді қорғау және органикалық егіншілік саласындағы инновациялық әзірлемелердің республикадағы ең ірі көрсетім алаңы болып табылады. Дала күні аясында Қазақстанның барлық өңірлерінен асыл тұқымды малдардың көрсетімдері мен аукциондары өткізіледі.
_________________________________________________
«Jańa Dala / Green Day ‘2024» баспасөз орталығы,
Ринат Тасболатов, 8-701 460 91 82, e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.
https://www.instagram.com/jana_dala_greenday/