БАҚ үшін хабар

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жарыстарына қалай баруға болады?                                                                 17.07.2024 ж.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жарыстарына билеттерді әлемнің 140 елінде сатып алуға болады. Алайда, оларды қазақстандық «Jańa Dala / Green Day 2024» алаңында да ұтып алуға болады, онда Ойын ұйымдастырушылар өз павильондарын қойып, конкурстық ойын жарыстарын өткізеді.

8-13 қыркүйекте Астана қаласында этникалық спорт түрлерінен өткізілетін халықаралық спорт жарыстары – 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам қатысушы қатысады. Жарыс 21 спорт түрінен өтеді. Ойындар үш бағыт бойынша өткізіледі: спорт, мәдениет және ғылым.

Ойындардың ашылу рәсімінен бір күн бұрын «Көшпенділер ғаламы» Этноауылының ашылуы өтеді. Бұл күні «Астана – көшпелілердің астанасы» атты жарқын театрландырылған қойылым көрсетіледі. Шараға ДКО-ға келген шетелдік қонақтар мен халықаралық спорт ұйымдарының басшылары қатысады.

Қазақстандықтар мен Астана тұрғындары 18-19 шілдеде «Jańa Dala / Green Day 2024» мамандандырылған халықаралық көрсетім-көрмесіне қатысу арқылы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары туралы бәрін біле алады. Бұл - Қазақстанның АӨК-гі ең ауқымды және күтілетін іс-шаралардың бірі. Оған Қазақстаннан, жақын және алыс шетелдерден 200 астам компания, сондай-ақ 5 мыңнан астам АӨК мен агробизнестің кәсіпқой қонақтары қатысады деп күтілуде. 500-ден астам ауыл шаруашылығы техникасының тұсаукесері жоспарлануда. Мазмұнды іскерлік бөлігінен,  ұсынылатын кең ауқымды техниканың, жабдықтар мен технологиялардан басқа, «Jańa Dala / Green Day '2024» Дала күні өзінің қонақтарын ғылыми-практикалық құрамдас бөлігімен және тамаша ойын-сауық-танымдық және шоу-бағдарламасымен таң қалдырмақ.

Көшпенділердің дүниежүзілік ойындары көрмеде жеке павильонмен ұсынылады. Павильон аясында көрмеге қатысушылар бірқатар конкурстарға және ұсынылатын ұлттық ойындарға тікелей қатыса алады: асық ату, тоғызқұмалақ, күрес, арқан тарту және т. б. Жүлде ретінде жеңімпаздар Ойындар өткізілетін күндері Астананың спорт ареналарында өтетін жарыстардың жекелеген түрлеріне билеттер алады.     

_________________________________________________

«Jańa Dala / Green Day ‘2024» баспасөз орталығы,

Ринат Тасболатов, 8-701 460 91 82, e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

https://expotime.kz 

https://t.me/jana_dala 

https://www.instagram.com/jana_dala_greenday/

 

«Еңбек» ЖШС-нің алқабында өтетін Jańa Dala / Green Day '2024 «Қазақстандық Дала күні» мамандандырылған көрме-демонстрациясының демеушілері / Спонсоры специализированной выставки-демонстрации «Казахстанский День поля «Jańa Dala / Green Day ‘2024» на демонстрационных полях ТОО «Енбек»:


BAS DEMEUŞILER / ГЕНЕРАЛЬНЫЕ СПОНСОРЫ:

«ROSTSELMASH» ЧК «KAZROST ENGINEERING LTD»

АЛТЫН ДЕМЕУШIСI / ЗОЛОТОЙ СПОНСОР:

ТОО «Westfalia Казахстан»

TEHNOLOGIALYQ DEMEUŞI / ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЙ СПОНСОР:

ТОО «Амазоне»

FIRMALYQ PAKET DEMEÝSHISI / СПОНСОР ФИРМЕННЫХ ПАКЕТОВ:

ТОО «Щелково Агрохим – KZ»

ОРГАНИКАЛЫҚ БАЛЫНЫҢ ДЕМЕУШІСІ / СПОНСОР ОРГАНИЧЕСКОГО МЁДА:

«Сокульский омартасы»

ІРІ ҚАРА МАЛ ТҰҚЫМДАРЫ АРАСЫНДАҒЫ «JAŃA DALA / GREEN DAY '2024» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ БАС ДЕМЕУШІСІ / ГЕНЕРАЛЬНЫЙ СПОНСОР НАЦИОНАЛЬНОГО КОНКУРСА «JAŃA DALA / GREEN DAY ‘2024» СРЕДИ МЯСНЫХ ПОРОД КРС:

ТОО "Агротехменеджмент"

«Қазақ тұлпары» ЖШС-нің алқабында өтетін Jańa Dala / Green Day '2024 «Қазақстандық Дала күні» мамандандырылған көрме-демонстрациясының демеушілері / Спонсоры специализированной выставки-демонстрации «Казахстанский День поля «Jańa Dala / Green Day ‘2024» на демонстрационных полях ТОО «Қазақ тұлпары» (Костанай):


BAS DEMEÝSHI  / ГЕНЕРАЛЬНЫЙ СПОНСОР:

ТОО «Щелково Агрохим – KZ»

АЛТЫН ДЕМЕУШIСI / ЗОЛОТОЙ СПОНСОР:

ТОО «Westfalia Казахстан»

TEHNOLOGIALYQ DEMEUŞI / ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЙ СПОНСОР:

ТОО «Амазоне»

КӘДЕСЫЙ ӨНІМДЕРІНІҢ ДЕМЕУШІСІ / СПОНСОР СУВЕНИРНОЙ ПРОДУКЦИИ:

ROSTSELMASH

РЕСМИ ҚОЛДАУ / ОФИЦИАЛЬНАЯ ПОДДЕРЖКА:

КӨРСЕТІЛІМ СЕРІКТЕСТЕРІ / ПАРТНЕРЫ ДЕМОНСТРАЦИИ:

© 2024 ExpoTime. All Rights Reserved.