04.11.2024 ж.
БАҚ үшін хабар
Бруцеллёзге қарсы күресте Қазақстанның мүмкіншілігі бар ма?
Бруцеллезді бір елде түп-тамырымен жоюға бола ма? Болатыны анық болып шықты! Мысалы, Испанияға бұл ауруды жеңу үшін 44-46 жыл қажет болған! Бұл ретте, бүкіл Еуроодақ аумағында ауруды бақылау мен жою бағдарламаларына шыққан барлық шығыстарды Еуроодақ өз мойнына алды. Бұл үшін 2009 жылдан бастап бүгінгі таңға дейін 250 миллион еуродан астам қаражат жұмсалды!
Испанияда бруцеллезге қарсы күресте қолданылған емдеу және алдын алу әдістері «Jańa Dala / Vet Astana '2024» жемшөп және ветеринария бойынша халықаралық көрмесі мен «Jańa Dala / Farm Astana '2024» мал шаруашылығы және құс шаруашылығы бойынша халықаралық көрмесі шеңберіндегі сессияның бір бөлігіне айналды. Бұл іс-шаралар Астанада 6-7-8 қарашада өтеді. Көрмелердің ғылыми-тәжірибелік бағдарламасында бруцеллезге қарсы вакциналарды қолдану және ІҚМ паратуберкулезінің вакциналық алдын алу тақырыптарына презентациялармен Испаниядан келген ветеринария ғылымдарының PhD докторы Carlos Chipana (Карлос Чипана) сөз сөйлейді.
Бәріне мәлім, бруцеллез - бұл адамға жұғатын және жүйке, жүрек-тамыр жүйесі мен сүйек-буын аппараттарына зақым келтіретін үй жануарларының жұқпалы ауруы.
Испан сарапшысының айтуынша, олардың еліндегі аурумен күрес 1975 жылы басталған. Тек 2019 жылы ғана Испания Brucella melitensis-тен (қой мен ешкі) арылған ел мәртебесін алды, ал ірі қара малға (Brucella abortus) мәртебесі тек 2021 жылы ғана таралды. Атап өтілгендей, ұсақ үй жануарларының ауруы жалпы мал басының 70 пайызынан, ал ІҚМ ауруы - 17 пайызынан асатын кезеңдер болған. 10 мыңға дейін адамның инфекциямен зақымдану жағдайлары тіркелген.
Өткен ғасырдың 80-ші жылдарында елде бруцеллезге қарсы күрес бойынша ауқымды салалық бағдарламалар әзірленді, олар кейіннен жетілдіріліп, ДЖДҰ-ның (Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын қорғау ұйымы) қадағалауымен жүзеге асырылған. Бүгінгі таңда Испанияда еуропалық стандарттарға сәйкес сынамаларды іріктеу негізінде эпидемиологиялық қадағалау және жағдайды мониторингілеу жүзеге асырылуда.
Қазақстандық ветеринария мамандары испан әріптестерінің тәжірибесін жақсы біледі. Алайда, біздің бірқатар салалық сарапшыларымызда ауруды емдеудің еуропалық әдістемелері мен қолданылатын вакциналарға, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне қатысты сұрақтар туындап отыр.
Бұл ретте, көптеген отандық ветеринарлар испан тәжірибесін қолдануға қарсы емес және вакциналау - аурудың таралуын бақылау бойынша ең үнемді және тиімді шара деп санайды. «Бруцеллезді жеңген және өзінің күресу тәжірибесімен бөлісе алатын елден келген өндірушінің вакцинасын неге пайдаланбасқа», - дейді мал дәрігері, қазақстандық «Vectrum PRO» компаниясының басшысы Салтанат Сакирова.
Осы және басқа да мәселелер «Jańa Dala / Vet Astana '2024» жемшөп және ветеринария бойынша халықаралық көрмесі мен «Jańa Dala / Farm Astana '2024» мал шаруашылығы және құс шаруашылығы бойынша халықаралық көрмесінде ғылыми-тәжірибелік іс-шаралары барысында дискуссиялар мен талқылаулардың тақырыбына айналмақ. Іс-шаралар 6 қарашада сағат 9.00-да Radisson Hotel Astana көршілес залдарында басталып, 8 қарашаға дейін жалғасады.
БАҚ назарына:
«Jańa Dala / Vet Astana ‘2024», «Jańa Dala / Farm Astana ‘2024» және «Jańa Dala / Pet Food ‘2024» көрмелеріне тіркелу 2024 жылғы 31 қазаннан бастап 5 қарашаға дейін өтеді.
Өтінімдер мына эл.мекенжайға қабылданады: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.; Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.;
тел: 8-701 460 91 82
________________________________________________
«Jańa Dala / Green Day» Дала күні ақпараттық орталығы,
8-701 460 91 82, e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.
https://www.instagram.com/jana_dala_greenday/