БАҚ үшін хабарлама
Қазақстанның сүт өндірушілерінің қауіптенуі ақталды ма? 1.07.2024 ж.
Сүт өңдеу зауыттары жеке қосалқы шаруашылықтардан (ЖҚШ) сүт қабылдауды тоқтата ма? Бұрын хабарланғандай, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Кеден одағының «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті қолданысқа енгізіледі. Жаңа ережелерді талқылау барысында регламент талаптары жеке меншік ауыл шаруашылықтарының кең санатын табыс көзінен айыруы мүмкін деген қауіп айтылды. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан фермерлері қауымдастығының мәліметі бойынша республиканың агросекторында 2,32 млн ЖҚШ бар, олар сүт өнімдерін қоса алғанда, азық-түлік өнімдерінің едәуір бөлігін өндіреді.
Сондай-ақ, сүт саласында талқыланатын мәселелердің қатарында субсидиялау ережелері де бар. «Сүт өндірушілердің» бірқатар өкілдері мемлекеттік қолдау шараларын қайта қарауды ұсынады, оларға сәйкес субсидиялар өндірілген емес, сатылатын сүт өнімдеріне бөлінеді.
Осы мәселелер бойынша «Jańa Dala / Green Day» ақпараттық орталығы ҚР АШМ-ге, сондай-ақ ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне түсініктеме алу үшін жүгінді, себебі қауіп-қатерлер расталған жағдайда ТО Техникалық регламентіндегі өзгерістер ауылдық жерлерде өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың көп болуына кері әсерін тигізуі мүмкін.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасай отырып берген жауабына сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Кеден одағының «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті қолданысқа енгізіледі. «Келесі жылдан бастап сүт өңдеу кәсіпорындарына өткізілген шикі сүт осы Техникалық регламенттің № 5 қосымшасына сәйкес шикі сүттегі, майсыз шикі сүт пен шикі кілегейдегі микроорганизмдер мен соматикалық жасушалардың рұқсат етілген деңгейіне тексеріледі. Яғни, сүт өңдеу кәсіпорындары жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес болған жағдайда сүтті қабылдауды жалғастырады» («Jańa Dala / Green Day» АО көрсетілген).
Өз кезегінде, ҚР АШМ сүт өңдеу кәсіпорындарын сапалы сүт шикізатымен қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шаралар жүзеге асырылғанын атап өтті. Атап айтқанда, техникалық регламент талаптарын орындау мақсатында 2019 жылы Қазақстанның сүт саласының өнімдерін Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің қауіпсіздік талаптарына сәйкес келтіру жөніндегі Жол картасы іске асырылды, одан кейін 2024-2025 жылдарға жаңартылды. Бұл ретте Жол картасын әзірлеу үшін FAO, Сүт одағы, Денсаулық сақтау министрлігі, Техникалық реттеу және метрология комитетінің көмегі тартылды.
«Сонымен қатар, 2023 жылы шаруашылықтардың барлық санаттарында өндірілген 6,5 млн. тонна сүт, 2,0 млн. тонна немесе 31% -ы жоғарыда көрсетілген шарттар толық сақталатын ұйымдасқан шаруашылықтарда өндірілгенін атап өту қажет.
Бұл ретте 2023 жылы сүт өңдеу кәсіпорындары 2,1 млн. тонна сүт өңдеді, бұл жалпы өндіріс көлемінің 32% -ын құрайды. Осылайша, ЖҚШ-дан қайта өңдеуге түсетін сүт көлемі шамалы», - деп жауап берді ҚР АШМ «Jańa Dala / Green Day»ақпараттық орталығының сұрауына.
Субсидияларға қатысты, ҚР АШМ бұрын олар өндірілген өнім көлеміне төленгенін атап өтті. Бұл ретте, қабылданған шикізаттың көлемін растау ретінде ішкі шаруашылық қойма құжаттары қоса берілген электрондық шот-фактуралармен жүргізілді. Сонымен қатар, ведомствоның жауабына сәйкес, аталған құжаттар деректер базасында тіркелмейді, осыған байланысты өндіріс көлемінің нақтылығын тексеру мүмкін емес. Бұдан басқа, көрсетілген құжаттармен расталған сары майдың бір бөлігі кәсіпорынның ішкі мұқтаждықтарына жұмсалады, нәтижесінде субсидияланған сары майдың көлемі тұтыну нарығына шықпайды.
«Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, субсидиялау жүйесін реформалау аясында Ережеге сары май, құрғақ сүт және қатты ірімшіктің сатылған көлеміне субсидия төлеу бойынша нормалар енгізілді. Бұл ретте, өнімді өткізу электрондық шот-фактуралармен расталады.
Осылайша, субсидия алу үшін электрондық шот-фактуралармен өңдеуші кәсіпорын сатып алған шикізат көлемін де, сатылған дайын өнім көлемін де растау қажет.
Бұл ретте, субсидиялауға ұсынылған құжаттарды қарау және субсидияларды төлеу салық органдарының тиісті ақпараттық жүйесін Gosagro.gov.kz. ақпараттық жүйесімен интеграциялау негізінде жүзеге асырылатынын атап өту қажет
Аталған шара автоматтандыру және цифрлық технологияларды толық пайдалану есебінен субсидияларды төлеу мен мақсатты пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз етеді, - деп жауап берді ҚР АШМ-де.
«Jańa Dala/Green Day» мамандандырылған көрме-демонстрациясы - 2013 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Дала күні форматындағы дәстүрлі іс-шара. Көрме республикадағы заманауи ауыл шаруашылығы технологияларының, селекциялық жетістіктердің, өнімділігі жоғары техниканың, сондай-ақ ветеринария, өсімдіктерді қорғау және органикалық егіншілік саласындағы инновациялық әзірлемелердің ірі демонстрациялық алаңы болып табылады. Дала күні аясында Қазақстанның барлық өңірлерінен асыл тұқымды мал түрлерінің көрсетілімдері мен аукциондары өткізіледі. «Jańa Dala / Green Day» жыл сайын Ақмола облысының Ақкөл ауданындағы «Еңбек» ЖШС-нің демонстрациялық алаңдарында, Астана қаласынан 90 шақырым қашықтықта, Астана-Көкшетау автобаны бойында өтеді
_________________________________________________
«Jańa Dala / Green Day ‘2024» ақпараттық орталығы,
Ринат Тасболатов, 8-701 460 91 82, e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.
https://expotime.kz
https://t.me/jana_dala
https://www.instagram.com/jana_dala_greenday/