БАҚ үшін хабар

 

Қазақстанда агроөнеркәсіптік кешендегі ең ірі көрме басталмақшы                                                                                   16.07.2024 ж.

 

Қазақстанның АӨК-гі ең ауқымды және күтілетін іс-шаралардың бірі «Jańa Dala / Green Day 2024» мамандандырылған халықаралық көрсетім-көрмесі өз жұмысын осы аптада, 18 шілдеде бастамақ.

Дала күні форматындағы дәстүрлі агрофорум 2013 жылдан бері өткізіліп келеді және заманауи ауыл шаруашылығы технологияларының, жоғары өнімді техниканың, сондай-ақ аграрлық өндіріс пен агротуризм саласындағы инновациялық әзірлемелердің республикадағы ең ірі көрсетім алаңы болып табылады. Әдеттегі көрмелерден айырмашылығы, «EXPO TIME» компаниясының ұйымдастырушылары қолданатын «іс жүзіндегі көрсетім» тұжырымдамасы - көрмеде ұсынылатын технологиялар мен ғылыми әзірлемелердің нақты мүмкіндіктерін кең аудиторияға «іс жүзінде» көрсету.

Дала күні 18-19 шілдеде өтеді. Оған Қазақстаннан, жақын және алыс шетелдерден 200 астам компания, сондай-ақ 5 мыңнан астам АӨК және агробизнес кәсіпқой қонақтары қатысады деп күтілуде. Қазақстан мен әлемнің ауыл шаруашылығындағы барлық ең өзекті де перспективалы жаңа әзірлемелер «Ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары», «Өсімдік шаруашылығы», «Мал шаруашылығы», «Органикалық өндіріс» блоктарында ұсынылатын болады. Іс-шара аясында 500-ден астам ауыл шаруашылығы техникасының тұсаукесері жоспарлануда. Көрмеге қатысушылар мен қонақтар қатарында Ақмола облысының әкімі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі, ҚР Туризм және спорт министрі, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының президенті, АҚШ-тың, Францияның, Германияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшілері, Ресей Федерациясының үлкен өкілдігі, облыстар мен аудандар әкімдіктерінің делегациялары бар.

Іс-шара Ақмола облысының Ақкөл ауданында, Еңбек кентінде, өңірдегі ең технологиялық жабдықталған шаруашылықтардың бірі«Еңбек» ЖШС-нің көрсетім алаңдарында өтеді.

«Jańa Dala / Green Day '2024» Дала күні мазмұнды іскерлік бөлігінен басқа, өзінің қонақтарын ғылыми-практикалық құрамдас бөлігімен және тамаша ойын-сауық-танымдық және шоу-бағдарламасымен таң қалдырмақ. Олардың ішінде:

- ІҚМ етті тұқымдары арасындағы ұлттық конкурс. Республикалық Тұқымдар палаталары «Jańa Dala / Green Day '2024» «Ең күшті бұқа» номинациясында Абсолюттік чемпионды айқындайтын болады. Жеңімпазға арналған сыйлықІҚМ етті тұқымдарының арасында «Jańa Dala / Green Day '2024» ұлттық конкурсының Бас демеушісінен«АГРОТЕХМЕНЕДЖМЕНТ» компаниясының YTO-ME404 жаңа тракторы, жүлдегерлерге сыйлық сертификаттары, мопедтер, генераторлар, мангалдар және т. б.;

- Дүниежүзілік көшпенділердің ойындарын қазақстандық ұйымдастырушылардың шоулары және жарыстарға билеттер.

-  Стейктер фестивалі. Black Angus, Qazaq Aqbas, QALMAQ Meat, Столичная трапезадан конкурстар мен шебер-кластар;

- Бордер-колли тұқымының «ақылды» шопан иттерімен шебер-класс. Қойшы иттердің қойларды қашаға жинау бойынша автономды жұмысы.

- Ауыл шаруашылығы дрондарының шоуы. Бүріккіш агродрондар мен картографтардың жұмысы;

- Қозы каре тағамын - қой қабырғаларын дайындау бойынша шебер-класс;

- Жол талғамайтын көліктердің тест-драйвтері. Mitsubishi L200, Mitsubishi Eclipse Cross және Mitsubishi ASX қуаты мен жайлылығы.

- Асыл тұқымды бұқалар мен қойларды сату бойынша аукциондар.

- Сингента компаниясынан - Cropwise платформасында кешенді агрономиялық сүйемелдеу.

- «Франция-Орталық Азия: қорадан үстелге дейін» конференциясы.

- ҰАҒБО-нан Қазақстанның ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы мен тұқым шаруашылығы.

- «QAZAQ TUQYM» консорциумы.

- Қазақстан қой өсірушілерінің республикалық форумы.

- «Westfalia Казахстан» - инновацияларды енгізу және тауарлы-сүт фермаларының құзыретін арттыру туралы.

- Германия мен Қазақстан арасындағы неміс-қазақ аграрлық-саяси диалогы (АСД): Органикалық егіншілік және сертификаттау.

 

_________________________________________________

«Jańa Dala / Green Day» баспасөз орталығы,

Ринат Тасбулатов, 8-701 460 91 82, e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

https://expotime.kz 

https://t.me/jana_dala 

https://www.instagram.com/jana_dala_greenday/

 

«Еңбек» ЖШС-нің алқабында өтетін Jańa Dala / Green Day '2024 «Қазақстандық Дала күні» мамандандырылған көрме-демонстрациясының демеушілері / Спонсоры специализированной выставки-демонстрации «Казахстанский День поля «Jańa Dala / Green Day ‘2024» на демонстрационных полях ТОО «Енбек»:


BAS DEMEUŞILER / ГЕНЕРАЛЬНЫЕ СПОНСОРЫ:

«ROSTSELMASH» ЧК «KAZROST ENGINEERING LTD»

АЛТЫН ДЕМЕУШIСI / ЗОЛОТОЙ СПОНСОР:

ТОО «Westfalia Казахстан»

TEHNOLOGIALYQ DEMEUŞI / ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЙ СПОНСОР:

ТОО «Амазоне»

FIRMALYQ PAKET DEMEÝSHISI / СПОНСОР ФИРМЕННЫХ ПАКЕТОВ:

ТОО «Щелково Агрохим – KZ»

ОРГАНИКАЛЫҚ БАЛЫНЫҢ ДЕМЕУШІСІ / СПОНСОР ОРГАНИЧЕСКОГО МЁДА:

«Сокульский омартасы»

ІРІ ҚАРА МАЛ ТҰҚЫМДАРЫ АРАСЫНДАҒЫ «JAŃA DALA / GREEN DAY '2024» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ БАС ДЕМЕУШІСІ / ГЕНЕРАЛЬНЫЙ СПОНСОР НАЦИОНАЛЬНОГО КОНКУРСА «JAŃA DALA / GREEN DAY ‘2024» СРЕДИ МЯСНЫХ ПОРОД КРС:

ТОО "Агротехменеджмент"

«Қазақ тұлпары» ЖШС-нің алқабында өтетін Jańa Dala / Green Day '2024 «Қазақстандық Дала күні» мамандандырылған көрме-демонстрациясының демеушілері / Спонсоры специализированной выставки-демонстрации «Казахстанский День поля «Jańa Dala / Green Day ‘2024» на демонстрационных полях ТОО «Қазақ тұлпары» (Костанай):


BAS DEMEÝSHI  / ГЕНЕРАЛЬНЫЙ СПОНСОР:

ТОО «Щелково Агрохим – KZ»

АЛТЫН ДЕМЕУШIСI / ЗОЛОТОЙ СПОНСОР:

ТОО «Westfalia Казахстан»

TEHNOLOGIALYQ DEMEUŞI / ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЙ СПОНСОР:

ТОО «Амазоне»

КӘДЕСЫЙ ӨНІМДЕРІНІҢ ДЕМЕУШІСІ / СПОНСОР СУВЕНИРНОЙ ПРОДУКЦИИ:

ROSTSELMASH

РЕСМИ ҚОЛДАУ / ОФИЦИАЛЬНАЯ ПОДДЕРЖКА:

КӨРСЕТІЛІМ СЕРІКТЕСТЕРІ / ПАРТНЕРЫ ДЕМОНСТРАЦИИ:

© 2024 ExpoTime. All Rights Reserved.