Қазақстандық Дала күніне -
«Jańa Dala / Green Day ‘2024» мамандандырылған көрсетім-көрмесіне
БАҚ өкілдерін ШАҚЫРУ
ҚОСТАНАЙ
АӨК саласындағы халықаралық көрмелер мен конференциялардың республикадағы жетекші ұйымдастырушыларының бірі, Қазақстанның «EXPO TIME» компаниясы Сіздерге өзінің зор құрметін білдіреді және «Jańa Dala / Green Day ‘2024» мамандандырылған көрсетім-көрмесінің қатысушысы болуға шақырады.
Іс-шара «Қарабалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС-мен бірлесіп өткізілмек және 2024 жылғы 1-2 тамызда «Қазақ тұлпары» ЖШС (Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Осиновка кенті, Қостанай қаласынан 1 ш. жерде) алқаптарында өтеді.
«Jańa Dala / Green Day '2024» қазақстандық Дала күні - бұл агробизнес заманауи ауыл шаруашылығы технологиялары мен өнімділігі жоғары техниканың мүмкіндіктерін, ветеринария, селекция, өсімдіктерді қорғау және органикалық егіншілік саласындағы жетістіктерді көрсететін өңірдегі ең ірі көрсетім алаңы болып табылатын дәстүрлі көрме.
Қостанай облысындағы мамандандырылған көрме 2024 жылғы 18-19 шілдеде Ақмола облысында өткен «Jańa Dala / Green Day '2024» ауқымды Дала күнінің қисынды жалғасы болып табылады. Бұл іс-шара Қазақстаннан, жақын және алыс шетелдерден келген 200 астам компанияны, сондай-ақ 5 мыңнан астам қонақты - АӨК мен агробизнестің кәсіби мамандарын жинады.
Қостанай облысындағы Дала күнінде өңірдің фермерлері мен агроқұрылымдары үшін аса маңызды іс шаралардың қатарында мыналар өтеді деп күтілуде:
- Заманауи ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтардың көрсетімі (топырақты өңдеу, егіс жұмыстары, мелиорация және суару);
- Малшыларға арналған техникалар мен жабдықтар;
- Жетекші селекциялық станциялардан жоғары өнімді және сапалы ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттары себілген жер телімдері;
- «Автодом Қостанай» ЖШС жол талғамайтын көліктердің тест-драйвтары;
- GroupWise платформасында Сингент компаниясының кешенді агрономиялық сүйемелдеуі, Cropwise в Aitas Agro цифрлық платформасын практикалық қолдану тақырыптары бойынша «Қазақстан Сингентінен» конференциялар;
- Инновацияларды енгізу және тауарлы-сүт фермаларының құзыретін арттыру тақырыбына «Westfalia Казахстан» компаниясынан конференция;
- Германия мен Қазақстан арасындағы неміс-қазақ аграрлық-саяси диалогы (АСД) жобасымен Органикалық егіншілік және Сертификаттау: Әлемдік нарықтарға сенімді қолжетімділік және кірісті арттыру тақырыптарын талқылау;
- «BNK Group» компаниясынан конференция: Суару саласындағы суды үнемдеу технологиялары, жаңбырлатқыш машиналары және тамшылатып суару.
«Jańa Dala / Green Day '2024» көрсетім-көрмесіне қатысушылар өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, техника мен жабдықтарды өндіру және жеткізу, органикалық егіншілік – ауыл шаруашылығы өндірісімен және аграрлық бизнеспен байланысты барлық салаларда мол тәжірибелерімен және технологиялармен бөліспек.
_________________________________________________
«Jańa Dala / Green Day» баспасөз орталығы,
Ринат Тасбулатов, 8-701 460 91 82, e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.
https://www.instagram.com/jana_dala_greenday/