БАҚ үшін хабарлама
Астанада мал шаруашылығы және құс шаруашылығы, жем-шөп және ветеринария бойынша көрме өтпекші
9.09.2024 ж.
Мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы саласындағы заманауи ұсыныстар, сондай-ақ жемшөп өндірісі, ветеринария, ірі тауарлы сүт өндірісі индустриясындағы соңғы әзірлемелер Астанада «Jańa Dala / Farm Astana '2024» мал шаруашылығы және құс шаруашылығы жөніндегі халықаралық көрмеде және «Jańa Dala / Vet Astana '2024» жемшөп және ветеринария жөніндегі халықаралық көрмеде ұсынылатын болады.
Іс-шара 2024 жылғы 6-7-8 қарашада Астана қаласында Сарыарқа даңғылы, 4, Radisson Hotel Astana мекенжайында «Сарыарка 1, 2, 3 және 4» залдарында өтеді.
Республикадағы АӨК саласындағы халықаралық көрмелер мен конференциялардың жетекші ұйымдастырушыларының бірі қазақстандық «EXPO TIME» компаниясы өкілдерінің айтуынша, Астанадағы қараша айында өтетін көрмелердің мақсаты - тәжірибемен және технологиялармен алмасу платформасын қамтамасыз ету арқылы бизнесті тиімді жүргізуде қазақстандық мал мен құс шаруашылығы кәсіпорындарына жәрдемдесу.
«Jańa Dala / Farm Astana ‘2024» и «Jańa Dala / Vet Astana ‘2024» стендтері қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін мал шаруашылығымен, құс шаруашылығымен, жемшөп өндірісімен, ветеринариямен, жануарлардың денсаулығын қорғау құралдарымен байланысты тауарлар мен технологиялардың кең спектрін таныстырады.
Іс-шаралар шеңберіндегі тақырыптық семинарлар мен конференциялар өндіріс жағынан агробизнестің ең өзекті, мазмұнды, сондай-ақ отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге оңтайлы шешімдер іздеуде көмектесетін проблемалық аспектілері ескеріле отырып қалыптастырылады.
Заманауи аграрлық технологиялардың өнім беруші-компаниялары үшін «Jańa Dala / Farm Astana ‘2024» және «Jańa Dala / Vet Astana ‘2024» - ірі ұйымдармен де, шағын шаруа және фермер қожалықтарымен де іскерлік байланыстар үшін тиімді салалық алаңдар. «Jańa Dala / Vet Astana ‘2023» экспоненттері көрмеге қатысуды бизнесті дамыту үшін маңызды деп санайды. Бұл 3000-нан астам кәсіби келушілерге тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді ұсынуға мүмкіндік береді.
Көрмені ұйымдастырушы барлық мүдделі компаниялар мен ұйымдардан іс-шараға Демеуші, Экспонент, Сарапшы немесе Келуші ретінде қатысу жөнінде ұсыныстарын қабылдауда! Отандық инновациялық орталықтар, стартаптар, салалық одақтар мен қоғамдық ұйымдар, ғылыми мекемелер, жоғары оқу орындары үшін Көрменің есігі әрдайым ашық.
«EXPO TIME» компаниясы өткізетін іс-шаралар туралы ақпарат https://expotime.kz сілтемесі бойынша қолжетімді. Өтінімдерді қабылдау және орындарды брондау мәселелері жөнінде келесі байланыстар бойынша хабарласуға болады: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.; +7 701 588 5497, +7 776 916 44 99, +7 701 516 4102, +7 778 562 6736, +7 701 235 2999, +7 701 460 9182, +7 702 870 8075, +7 707 545 1662.
________________________________________________
«Jańa Dala / Green Day ‘2024» ақпараттық орталығы,
Ринат Тасбулатов, 8-701 460 91 82, e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.
https://expotime.kz
https://www.instagram.com/jana_dala_greenday/
https://www.youtube.com/@dnevnik_jana_dala_greenday
https://www.youtube.com/@jana_dala_greenday