БАҚ үшін хабар
ҚР АШМ мамандары мал шаруашылығы, құс шаруашылығы,
ветеринария және жемшөп бойынша салалық көрмелерге қатысады.
26.09.2024 ж.
Қараша айында өтетін «Jańa Dala / Vet Astana '2024» жемшөп және ветеринария бойынша халықаралық көрмесінде және «Jańa Dala / Farm Astana '2024» мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының халықаралық көрмесінде ғылыми-тәжірибелік іс-шаралар шеңберінде мал шаруашылығын, құс шаруашылығын дамытуға, сондай-ақ ветеринария мен жемшөп өндірісінің жағдайына байланысты мәселелердің кең ауқымын талқылау жоспарлануда.
Жақында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров саланы дамытудың түрлі мәселелері бойынша өзінің дәстүрлі қабылдаулары барысында көрмелердің бағдарламасымен, сондай-ақ іс-шаралардың мақсаттары мен міндеттерімен танысты. «EXPO TIME» қазақстандық компаниясының басшысы, іс-шараларды ұйымдастырушы Әділхан Сағымбаев Министрмен мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, ветеринария және жемшөп жөніндегі көрмелердің ғылыми-практикалық құрамдас бөлігіне қатысты барлық аспектілермен бөлісті.
«EXPO TIME» директоры атап өткендей, іс-шаралар шеңберіндегі тақырыптық семинарлар мен конференциялар өндіріс жоспарындағы ең өзекті, мазмұнды, сондай-ақ отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге оңтайлы шешімдер іздеуде көмектесетін агробизнестің проблемалық аспектілері ескеріле отырып қалыптастырылады.
Айдарбек Сапаров осындай іс шаралардың маңыздылығын атап өтіп, оларға министрліктің сарапшылары мен мамандарының қатысуға мүдделілігін білдірді.
Кездесу барысында «EXPO TIME» басшысы Ауыл шаруашылығы министріне ағымдағы жылдың шілде айында Ақмола облысы Еңбек ауылында өткен және жұмысына Айдарбек Сапаров қатысқан «Jańa Dala / Green Day 2024» мамандандырылған халықаралық көрсетім-демонстрациясының арнайы дипломын табыс етті.
Анықтама:
«Jańa Dala / Vet Astana '2024» жемшөп және ветеринария бойынша халықаралық көрмесінде және «Jańa Dala / Farm Astana '2024» мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының халықаралық көрмесі қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мал шаруашылығымен, құс шаруашылығымен, жемшөп өндірумен, ветеринариямен, жануарлар денсаулығын қорғау құралдарымен байланысты тауарлардың және технологиялардың кең спектрін таныстыратын дәстүрлі іс-шаралар. Іс-шаралар 2024 жылғы 6-8 қараша аралығында Астанада, «Сарыарқа» Radisson Hotel Astana залдарында өтеді.
________________________________________________
«Jańa Dala / Green Day ‘2024» ақпараттық орталығы,
Ринат Тасбулатов, 8-701 460 91 82, e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.
https://www.instagram.com/jana_dala_greenday/