28.04.2025 ж.

БАҚ үшін хабар

Ауыл шаруашылығы саласындағы әйел мамандар үшін

«Леди-фермер» конкурсы жарияланды

                                                                                             

Қазақстанда еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінде жұмыс істейтін немесе бизнес жүргізетін әйелдерді қолдау мен дамытуға бағытталған бірегей бастама – «Леди-фермер» конкурсы старт алды. Конкурс ауыл шаруашылығы саласындағы әйел мамандарға өздерінің саладағы жетістіктерін көрсетуге және агросектордың дамуына қосқан үлесі үшін танылуға мүмкіндік береді.

Конкурстың ұйымдастырушысы – ҚР-дағы Ұлыбритания Елшілігінің қолдауымен, республикадағы АӨК саласындағы халықаралық көрмелер мен конференциялардың жетекші ұйымдастырушыларының бірі - қазақстандық «EXPO TIME» компаниясы.  

Ұйымдастырушылардың айтуынша, конкурс ауыл шаруашылығымен айналысатын барлық әйелдер үшін ашық. Биылғы жылы мамандықта алғашқы қадамын жасап отырған, инновациялар енгізіп, өз шаруашылығын дамытуға ұмтылатын жас және ісін жаңа бастаған әйел фермерлерге ерекше назар аударылатын болады.

Қатысу үшін, өтінімді өзінің жетістіктерін, стандартты емес тәсілдерін және аграрлық секторды дамытуға қосқан үлесін көрсете отырып толтыру қажет. Өтінімдер 2025 жылғы 01 шілдеге дейін мына электрондық мекенжайға қабылданады: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript..  

«Ауыл шаруашылығын дамыту жаңа идеялар мен жаңа шешімдерді қажет етеді. Әйел фермерлер азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және тұрақты тәжірибелерді енгізуде шешуші рөл атқарады. Біз бұл конкурсты қолдауға және әйелдерді аграрлық бизнесті дамытуға барынша шабыттандыруға қуаныштымыз», деп атап өтті Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Кэти Лич.

Жеңімпаздар жүлделерді мынадай номинациялар бойынша алады:

  1. AgroQueen 2025!

Маусымның басты кейіпкері — жігер, стиль және бедел!

  1. Miss Green Energy

Тұрақты шаруашылығы мен экологиялық ойлау қабілеті үшін.

  1. Ауыл Girl Power

Тауды жылжытатын ауыл жігері!

 

Конкурс жүлдегерлерін Қазылар алқасы анықтайды, оның құрамына аграрлық БАҚ өкілдері мен танымал агроблогерлер кіреді. Конкурстың финалы мен марапаттау рәсімі 17 шілдеде Ақмола облысында 2025 жылғы 17-18 шілдеде өтетін «Jańa Dala / Green Day '2025» қазақстандық Дала күні» халықаралық мамандандырылған көрме-көрсетімі аясында өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін сауалнаманы келесі сілтеме бойынша өту арқылы толтыруға болады: https://docs.google.com/forms/d/1eASrdEiRHW8t-z3He_8quGD2kztWRu-FKjZ2zACHu8w/edit

Қосымша ақпаратты +7 701 235 2999 телефоны арқылы немесе Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript. электрондық поштасы бойынша алуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, конкурс өткізу туралы жоспарлар өткен жылдың желтоқсан айында аграрлық салада жұмыс істейтін қазақстандық әйелдердің құрметіне ұйымдастырылған Қазақстан Республикасындағы Ұлыбритания елшілігіндегі Қабылдау барысында айтылған болатын. Іс-шараның мақсаты - еліміздің ауыл шаруашылығы саласы мен оның агроөнеркәсіптік кешенін дамытудағы республика әйелдерінің маңызды рөлін атап өту.  

Сол кезде атап өтілгендей, ұлттық статистика деректері бойынша, Қазақстанның ауылдық жерлерінде үш миллионнан астам әйел тұрады. Жұмыс істейтін әйелдердің едәуір бөлігі білім беру, сауда және денсаулық сақтау салаларында, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірісінде еңбек етеді. Бүгінгі таңда әрбір төртінші қазақстандық фермер қожалығының, компанияның немесе ЖК-нің басшысы - әйел.

«Jańa Dala / Green Day» мамандандырылған халықаралық көрме-көрсетімі - Қазақстанда 2013 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Дала күні форматындағы дәстүрлі іс-шараКөрме жыл сайын шілде айында өткізіледі және заманауи ауыл шаруашылығы технологияларының, өнімділігі жоғары техникалардың, селекциялық жетістіктердің, сондай-ақ ветеринария, органикалық егіншілік және өсімдіктерді қорғау саласындағы инновациялық әзірлемелердің республикадағы ең ірі көрсетім алаңы болып табылады.  Дала күні аясында Қазақстанның барлық өңірлерінен асыл тұқымды мал тұқымдарының көрсетілімдері мен аукциондары өткізіледі. «Jańa Dala / Green Day» жыл сайын Ақмола және Қостанай облыстарының көрсетім алаңдарында өтеді. Көрменің ұйымдастырушысы - қазақстандық «EXPO TIME» компаниясы.

 

_________________________________________________

«Jańa Dala / Green Day» ақпараттық орталығы,

Ринат Тасболатов, 8-701 460 91 82,

e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.https://expotime.kz 

«Еңбек» ЖШС-нің алқабында өтетін Jańa Dala / Green Day '2024 «Қазақстандық Дала күні» мамандандырылған көрме-демонстрациясының демеушілері / Спонсоры специализированной выставки-демонстрации «Казахстанский День поля «Jańa Dala / Green Day ‘2024» на демонстрационных полях ТОО «Енбек»:


BAS DEMEUŞILER / ГЕНЕРАЛЬНЫЕ СПОНСОРЫ:

«ROSTSELMASH» ЧК «KAZROST ENGINEERING LTD»

TEHNOLOGIALYQ DEMEUŞI / ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЙ СПОНСОР:

ТОО «Амазоне»

ІРІ ҚАРА МАЛ ТҰҚЫМДАРЫ АРАСЫНДАҒЫ «JAŃA DALA / GREEN DAY '2025» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ БАС ДЕМЕУШІСІ / ГЕНЕРАЛЬНЫЙ СПОНСОР НАЦИОНАЛЬНОГО КОНКУРСА «JAŃA DALA / GREEN DAY ‘2025» СРЕДИ МЯСНЫХ ПОРОД КРС:

ТОО "Агротехменеджмент"

«JAŃA DALA / GREEN DAY ‘2025» ШАТЫРЛАР ДЕМЕУШІСІ EMMA TENT / СПОНСОР ШАТРОВ «JAŃA DALA / GREEN DAY ‘2025» EMMA TENT

EMMA TENT

«JAŃA DALA / GREEN DAY '2025» ВЕТЕРИНАРЛАР СЪЕЗІНІҢ БАС ДЕМЕУШІСІ "АСЫЛ КОКШЕ ЗООВЕТСНАБ" ЖШС / ГЕНЕРАЛЬНЫЙ СПОНСОР СЪЕЗДА ВЕТЕРИНАРОВ «JAŃA DALA / GREEN DAY ‘2025» ТОО "АСЫЛ КОКШЕ ЗООВЕТСНАБ":

ТОО "Асыл Кокше Зооветснаб"


BAS СЕРІКТЕС: "ҚАЗАҚСТАН ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ПАЛАТАСЫ" РҚБ / ГЕНЕРАЛЬНЫЙ ПАРТНЕР: РОО «КАЗАХСТАНСКАЯ ВЕТЕРИНАРНАЯ ПАЛАТА» :


"Восток-1" ЖШС және "Агрофирма Қарқын" ЖШС алқабында өтетін Jańa Dala / Green Day '2025 «Қазақстандық Дала күні» мамандандырылған көрме-демонстрациясының демеушілері / Спонсоры специализированной выставки-демонстрации «Казахстанский День поля «Jańa Dala / Green Day ‘2025» на демонстрационных полях ТОО «Восток-1» и ТОО «Агрофирма Қарқын»:


TEHNOLOGIALYQ DEMEUŞI / ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЙ СПОНСОР:

ТОО «Амазоне»

«JAŃA DALA / GREEN DAY ‘2025» ШАТЫРЛАР ДЕМЕУШІСІ EMMA TENT / СПОНСОР ШАТРОВ «JAŃA DALA / GREEN DAY ‘2025» EMMA TENT

EMMA TENT

BAS СЕРІКТЕС: "ҚАЗАҚСТАН ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ПАЛАТАСЫ" РҚБ / ГЕНЕРАЛЬНЫЙ ПАРТНЕР: РОО «КАЗАХСТАНСКАЯ ВЕТЕРИНАРНАЯ ПАЛАТА» :


РЕСМИ ҚОЛДАУ / ОФИЦИАЛЬНАЯ ПОДДЕРЖКА:

КӨРСЕТІЛІМ СЕРІКТЕСТЕРІ / ПАРТНЕРЫ ДЕМОНСТРАЦИИ:

© 2025 ExpoTime. All Rights Reserved.