8.05.2025 ж.
БАҚ үшін хабар
«Baltic Control Kazakhstan» — «Рентабельді гектар»
конкурсының демеушісі!
«Baltic Control Kazakhstan» ЖШС Компаниялары Тобы – бірінші дәрежелі сюрвейерлердің құрамына кіретін халықаралық инспекциялық компания.
Компаниялар Тобына 4 өндірістік құрылым кіреді:
- Ақтау портындағы екі сынақ зертханасын қоса алғанда, ҚР барлық астық егетін өңірлерінде орналасқан «Baltic Control KZ Certification» ЖШС сынақ зертханаларының желісі;
- «Baltic Control KZ Certification» сәйкестікті растау органы;
- «АгроКонсулт» ЖШС фумигациялық компаниясы;
- «Collateral Management International» ЖШС ғылыми орталығы.
«Baltic Control Kazakhstan» «Рентабельді гектар» конкурсын қолдауға және жобаға объективті сараптама қамтамасыз етуге шешім қабылдады.
Естеріңізге сала кетейік, микротыңайтқыштарды өндірушілер мен оның өнім берушілері арасындағы конкурс 2025 жылғы 17-18 шілдеде «Jańa Dala / Green Day '2025» Қазақстандық Дала күні» мамандандырылған көрме-көрсетімі аясында өтеді. Іс-шара Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Нұресіл ауылындағы «Ақтық» Агрофирмасы» АҚ көрсетім алқаптарында өтеді.
2025 жылғы 6 мамырда EXPO TIME (конкурсты ұйымдастырушы) командасы «Baltic Control Kazakhstan» мамандарына конкурс шеңберінде қолданылатын «Памяти Азиева» сортының бидай тұқымын табыс етті.
Сапаны бақылау саласында 15 жылдан астам уақыт — сенімділік және кәсіпқойлық кепілі!
«Baltic Control Kazakhstan» компаниясы «Рентабельді Гектар» конкурсының демеушісі болуға шешім қабылдады!
«Baltic Control Kazakhstan» ЖШС компаниясының құзыреті жаңа жарысты объективті бағалауға көмегін тигізетініне сенімдіміз.
«Baltic Control Kazakhstan» ЖШС 15 жылдан астам уақыт сапа сақшысы болып табылады және ішкі және халықаралық регламенттерге, сондай-ақ экспорттық келісімшарттардың талаптарына сәйкес экспортталатын және импортталатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің сәйкестігін растау бойынша қызметті жүзеге асырып келеді.
Бүгінгі таңда біз «Baltic Control Kazakhstan» ЖШС сынақ зертханаларының желісі заманауи жабдықтармен жабдықталғанына, инспекциялық процестердің ең озық технологиялары мен әдістері енгізілгеніне көз жеткіздік, бұл инспекцияның дәлдігін, тиімділігі мен жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді.
«Baltic Control Kazakhstan» ЖШС Компаниялар Тобы мынадай қызметтер көрсетеді:
- келісімшартты талдау және баратын елдің талаптары бойынша ұсыныстар беру;
- Астық қолхаттарын жөнелту алдындағы инспекциялау және дұрыстығын тексеру;
- тауарды жөнелту кезінде салмағын және/немесе мөлшерін бақылау;
- элеваторда да, порттарда да жөнелтілетін тауардың сапасын бақылау;
- өнім қауіпсізідігінің халықаралық нормалардың, сондай-ақ кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін бағалау;
- дәнді, дәнді-бұршақты, майлы дақылдардағы, сондай-ақ оларды қайта өңдеуден алынған өнімдердегі пестицидтердің қалдық мөлшерін анықтау, пестицидтердің 600-ден астам атауы;
- өсімдіктерді қорғау құралдарындағы белсенді заттардың массалық үлесін, барлық сапа көрсеткіштерін анықтау;
- барлық ауыл шаруашылығы өсімдіктері түрлері тұқымдарының себіс сапасын анықтау;
- ISO, ISIRI, GB, EN, GAFTA, FOSFA санаттарының халықаралық стандарттары бойынша сапаның барлық физикалық-химиялық көрсеткіштерін анықтау;
- ауыл шаруашылығы дақылдары мен қайта өңделген өнімдердің кез келген түріне сапа сертификаттарын/паспорттарын ресімдеу;
- ауыл шаруашылығы дақылдары мен қайта өңделген өнімдердің кез келген түріне халықаралық сапа сертификаттарын ресімдеу;
- оформление протоколов испытаний, сертификатов соответствия на любые виды средств защиты растений;
- ауыл шаруашылығы дақылдары мен қайта өңделген өнімдердің кез келген түріне сәйкестік туралы декларацияларды ресімдеу;
- топтамалап өндіруді сертификаттау;
- тауар шығарылған елдің талаптарын сараптау жұмыстарын жүргізу;
- дәнді дақылдарды фумигациялау және зарарсыздандыру;
- аэрозольмен өңдеу;
- сулы дезинсекция;
- кешенді өңдеу;
- кез келген аумақта арамшөптерге қарсы химиялық өңдеу;
- сапасын, санын және инспекциялануын растауға қатысты кез келген тақырыпта оқыту жүргізу;
- экспорттық жөнелтуді жоспарлау және келісімшартқа қол қою сатысында көрсетілетін консультациялық қызметтер;
- алушы елдің регламенттері (стандарттардың, фитосанитариялық талаптардың ерекшеліктері) және басқа да шарттар бойынша көрсетілетін консультациялық қызметтер.
«Jańa Dala / Green Day» мамандандырылған халықаралық көрсетім-көрмесі – Қазақстанда 2013 жылдан бере Дала күні форматында өткізіліп келе жатқан дәстүрлі іс-шара. Көрме жыл сайын шілде айында өткізіледі және заманауи ауыл шаруашылығы технологияларының, өнімділігі жоғары техникалардың, селекциялық жетістіктердің, сондай-ақ ветеринария, органикалық егіншілік және өсімдіктерді қорғау саласындағы инновациялық әзірлемелердің республикадағы ең ірі көрсетім алаңына айналған. Дала күні аясында Қазақстанның барлық өңірлерінен асыл тұқымды мал тұқымдарының көрсетілімдері мен аукциондары өткізіледі. «Jańa Dala / Green Day» жыл сайын Ақмола және Қостанай облыстарының көрсетім алқаптарында өтеді. Көрмені ұйымдастырушы - қазақстандық «EXPO TIME» компаниясы.
_________________________________________________
«Jańa Dala / Green Day» ақпараттық орталығы,
Ринат Тасболатов, 8-701 460 91 82,
e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.; https://expotime.kz