БАҚ ҮШІН ХАБАРЛАМА

 

2025 жылғы 31 шілдеде Қазақстанда ең ауқымды астық конференциясы — «Астық 2025» өтеді

 

EXPO TIME компаниясы АПК-Информ Азия (Қазақстан) және Inter Standart Consult (Өзбекстан) серіктестігімен бірге «Астық 2025» атты ауқымды халықаралық астық конференциясын жариялайды.

Бұл шара 2025/26 жаңа астық маусымының қарсаңында алғаш рет 500-ден астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін, агротехнологиялар, техника және жабдық жеткізушілерді бір алаңда біріктіреді.

Іс-шара «Jańa Dala / Qarqyn ‘2025» Қазақстандық Дала күні халықаралық ауыл шаруашылығы көрме-демонстрациясы аясында өтеді.

Өтетін орны: Қостанай қаласынан 65 км жерде орналасқан «Восток-1» ЖШС және «Агрофирма Қарқын» ЖШС демонстрациялық алқаптары (Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Степановка ауылы).

Бұл конференция алғаш рет ашық аспан аясында өтеді, ұйымдастырушылар қатысушылар үшін конференц-зал мен тамақтану аймақтарын қамтамасыз етеді. Шара аясында қатысушылар нақты астық нарығының атмосферасын сезініп, тек сауда трендтері туралы емес, сонымен қатар астық және оның өңделген өнімдерін өндіру мен сату бойынша әлемдік тәжірибелер жайлы пікір алмасатын болады.

Конференция бағдарламасы екі негізгі блоктан тұрады – өндірістік-нарықтық және технологиялық.

Негізгі тақырыптар мыналар болады:

Өндірістік-нарықтық блок

- Қазақстан картасындағы 2025 жылғы егін: астық, бұршақ, майлы және нишалық дақылдар;

- Негізгі дақылдар бойынша жалпы өнім болжамдары, өңірлік ерекшеліктер мен ауа райын ескере отырып;

- 2024/25 аграрлық маусымының қорытындылары: жинау алдындағы қорлар мен сауда трендтері;

- Әлемдік нарық тенденциялары және олардың Қазақстан нарығына әсері;

- Жаңа маусымның басындағы нарықтық бағалар: аграрийлер қандай баға күтеді және трейдерлер мен өңдеушілер не ұсынады;

- Ауыл шаруашылығы жүктерінің ішкі логистикасы.

Агротехнологиялық блок «Антиграбли» – Қазақстанда ауыл шаруашылығы өндірісіне төнетін сын-қатерлерге қарсы тұруға көмектесетін білім мен тәжірибе

            - Әлемдік және қазақстандық агрокомпаниялардан астық және майлы дақылдарды өндіру бойынша үздік технологиялар;

            - Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және кептіру үшін сыйымдылықтар бойынша тиімді ұсыныстар;

            - Тұқым дайындаудың жаңа шешімдері;

            - Өсімдіктерді қорғау құралдарын қолдану: технологияны бұзудың салдары;

            - Органикалық ауыл шаруашылығы – премиум сегмент. Әлемдік және отандық тәжірибе.

 

«Дала күні» көрмесінің қатысушылары мен ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін конференцияға делегат ретінде қатысу – алдын ала тіркелу арқылы тегін.

Агротехнологиялық компанияларды, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдық өндірушілерін, логистикалық және өңдеу компанияларын спикер және демеуші ретінде қатысуға шақырамыз.

 

Өтетін орын туралы

*«Агрофирма Қарқын» ЖШС туралы ақпарат:

  1. Шаруашылық элиталық тұқым өсіру мәртебесіне ие, мұнда 12-ге жуық дақыл түрі өсіріледі: астық, бұршақ, майлы, мал азықтық, көкөніс және жармалық дақылдар.
  2. Жалпы егістік көлемі 110 мың га, оның 268 га суармалы жерлер, мұнда жоңышқа, жүгері, картоп өсіріледі. Болашақта бұл көрсеткішті 1000 га дейін ұлғайту жоспарлануда.
  3. Құс фабрикасы, балапан шығаратын қаз фермасы бар.
  4. Аулиекөл (1700 бас) және ангус (1000 бас) тұқымды ірі қара өсіретін екі асыл тұқымды репродуктор бар.
  5. 2025 жылы голштин тұқымды 600 бас сиыры бар таварлы сүт фермасы іске қосылды, ферма 1200 басқа есептелген.

«Jańa Dala / Green Day» халықаралық мамандандырылған көрме-демонстрациясы — Қазақстанда 2013 жылдан бері өткізіліп келе жатқан дәстүрлі Дала күні форматындағы іс-шара. Көрме жыл сайын шілде айында өтеді және республикадағы ең ірі заманауи ауыл шаруашылығы технологиялары, жоғары өнімді техникалар, селекциялық жетістіктер, сондай-ақ ветеринария, органикалық егіншілік және өсімдіктерді қорғау салаларындағы инновациялық шешімдерді таныстыратын демонстрациялық алаң болып табылады. Дала күні аясында Қазақстанның барлық өңірлерінен әкелінген асыл тұқымды малдардың көрмесі мен аукциондары ұйымдастырылады. «Jańa Dala / Green Day» көрмесі жыл сайын Ақмола және Қостанай облыстарындағы демонстрациялық алқаптарда өткізіледі. Іс-шараның ұйымдастырушысы — қазақстандық «EXPO TIME» компаниясы.

_________________________________________________

«Jańa Dala / Green Day» ақпараттық орталығы

Ринат Тасбулатов, 8 701 460 91 82

e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript., https://expotime.kz

"Ақтық "Агрофирмасы" АҚ алқабында өтетін Jańa Dala / Green Day '2025 «Қазақстандық Дала күні» мамандандырылған көрме-демонстрациясының демеушілері / Спонсоры специализированной выставки-демонстрации «Казахстанский День поля «Jańa Dala / Green Day ‘2025» на демонстрационных полях АО «Агрофирма «Ақтық»:


BAS DEMEUŞILER / ГЕНЕРАЛЬНЫЕ СПОНСОРЫ:

«ROSTSELMASH» ЧК «KAZROST ENGINEERING LTD»

TEHNOLOGIALYQ DEMEUŞI / ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЙ СПОНСОР:

ТОО «Амазоне»

ІРІ ҚАРА МАЛ ТҰҚЫМДАРЫ АРАСЫНДАҒЫ «JAŃA DALA / GREEN DAY '2025» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ БАС ДЕМЕУШІСІ / ГЕНЕРАЛЬНЫЙ СПОНСОР НАЦИОНАЛЬНОГО КОНКУРСА «JAŃA DALA / GREEN DAY ‘2025» СРЕДИ МЯСНЫХ ПОРОД КРС:

ТОО "Агротехменеджмент"

«JAŃA DALA / GREEN DAY ‘2025» ШАТЫРЛАР ДЕМЕУШІСІ EMMA TENT / СПОНСОР ШАТРОВ «JAŃA DALA / GREEN DAY ‘2025» EMMA TENT

EMMA TENT

«JAŃA DALA / GREEN DAY '2025» ВЕТЕРИНАРЛАР СЪЕЗІНІҢ БАС ДЕМЕУШІСІ "АСЫЛ КОКШЕ ЗООВЕТСНАБ" ЖШС / ГЕНЕРАЛЬНЫЙ СПОНСОР СЪЕЗДА ВЕТЕРИНАРОВ «JAŃA DALA / GREEN DAY ‘2025» ТОО "АСЫЛ КОКШЕ ЗООВЕТСНАБ":

ТОО "Асыл Кокше Зооветснаб"


«BALTICCONTROLKAZAKHSTAN» «РЕНТАБЕЛЬДІ ГЕКТАР» КОНКУРСЫНЫҢ ДЕМЕУШІСІ / «BALTIC CONTROL KAZAKHSTAN» СПОНСОР КОНКУРСА РЕНТАБЕЛЬНЫЙ ГЕКТАР:

ТОО “Baltic Control Kazakhstan”

BAS СЕРІКТЕС: "ҚАЗАҚСТАН ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ПАЛАТАСЫ" РҚБ / ГЕНЕРАЛЬНЫЙ ПАРТНЕР: РОО «КАЗАХСТАНСКАЯ ВЕТЕРИНАРНАЯ ПАЛАТА» :


“ТИІМДІ ГЕКТАР” БАЙҚАУЫНЫҢ СЕРІКТЕСІ / ПАРТНЁР «РЕНТАБЕЛЬНЫЙ ГЕКТАР» HECTA SCOUT:

HECTA SCOUT


ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДЕМЕУШІ / ИНФРАСТРУКТУРНЫЙ СПОНСОР B2B GROUP:

B2B GROUP


ФИРМАЛЫҚ СӨМКЕЛЕРДІ ҰСЫНУШЫ СЕРІКТЕС / СПОНСОР ФИРМЕННЫХ ПАКЕТОВ KAZAGROEXPERT:


"Восток-1" ЖШС және "Агрофирма Қарқын" ЖШС алқабында өтетін Jańa Dala / Green Day '2025 «Қазақстандық Дала күні» мамандандырылған көрме-демонстрациясының демеушілері / Спонсоры специализированной выставки-демонстрации «Казахстанский День поля «Jańa Dala / Green Day ‘2025» на демонстрационных полях ТОО «Восток-1» и ТОО «Агрофирма Қарқын»:


БАС ДЕМЕУШІ /ГЕНЕРАЛЬНЫЙ СПОНСОР АСТАНА АГРОПАРТНЕР И MASCHIO GASPARDO:


TEHNOLOGIALYQ DEMEUŞI / ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЙ СПОНСОР:

ТОО «Амазоне»

ДЕМЕУШІСІ / СПОНСОР :


«JAŃA DALA / GREEN DAY ‘2025» ШАТЫРЛАР ДЕМЕУШІСІ EMMA TENT / СПОНСОР ШАТРОВ «JAŃA DALA / GREEN DAY ‘2025» EMMA TENT

EMMA TENT

BAS СЕРІКТЕС: "ҚАЗАҚСТАН ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ПАЛАТАСЫ" РҚБ / ГЕНЕРАЛЬНЫЙ ПАРТНЕР: РОО «КАЗАХСТАНСКАЯ ВЕТЕРИНАРНАЯ ПАЛАТА» :


ОФИЦИАЛЬНЫЙ ПОСТАВЩИК ЭЛЕКТРОИЗГОРОДЕЙ/ ЭЛЕКТР ҚОРШАУЛАРЫНЫҢ РЕСМИ ЖЕТКІЗУШІСІ AGNIY:


РЕСМИ ҚОЛДАУ / ОФИЦИАЛЬНАЯ ПОДДЕРЖКА:

КӨРСЕТІЛІМ СЕРІКТЕСТЕРІ / ПАРТНЕРЫ ДЕМОНСТРАЦИИ:

© 2025 ExpoTime. All Rights Reserved.